Каспий жағалауы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасын келістірді

Каспий жағалауы мемлекеттерінің сыртқы істер министрлері Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция жобасын келістірді

2017 жылғы 5 желтоқсанда Мәскеуде Әзербайжан сыртқы саяси ведомствосының басшысы Эльмар Мамедъяров, Иран СІМ басшысы Джавад Зариф, Қазақстан СІМ басшысы Қайрат Әбдірахманов, Ресей СІМ басшысы Сергей Лавров және Түркіменстан СІМ басшысы Рашид Мередов қатысқан Каспий жағалауы мемлекеттері сыртқы істер министрлерінің мәжілісі табысты аяқталды.

Тараптар каспий проблематикасы күн тәртібінің бірқатар маңызды мәселелерін, соның ішінде Каспий теңізінің түбі мен жер қойнауын бөлу, аумақтық және iшкi суларда жүзу режимi, Каспий теңiзiнің түбiмен суасты құбырларды жүргізу, теңіздер мен әлем мұхитына еркін қол жеткізуіне қатысты, тағы басқаларды да қарастырды.

Мәжілістің басты қорытындысы Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенциясының жобасы бойынша барлық негізгі мәселелердің келісілгені болып табылды.

Жуық арада сарапшылар 2018 жылы Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың шақыруы бойынша Қазақстанда өтетін Каспий жағалауы мемлекеттер басшыларының саммиті барысында қол қою үшін Конвенцияның жобасын дайындау бойынша техникалық жұмыстарды жүргізеді.

Каспий теңізінің мәртебесін реттеу және халықаралық саяси, экономикалық және мәдени ынтымақтастықтың құқықтық режимін құру Каспий өңірінің саяси тұрақтылығы мен дамуын қамтамасыз ету, оның табиғи байлықтарын сақтап арттыру және бірегей географиялық жағдайын пайдалану мәнмәтініндегі маңызды стратегиялық мәселе болып табылады. Атап айтқанда, Қазақстан басшысы ұсынған «Нұрлы жол» бағдарламасына сәйкес ҚР және оның көршілерінің транзиттік-көліктік әлеуетін тиімді қолданудың жаңа болашағы ашылады.

 «Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Каспий жағалауы мемлекеттерінің ынтымақтастығына мол назар бөледі. Ол алдымызға қойған басымдықтарының бірі – Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы Конвенция бойынша келісімге қол жеткізу. Конвенция өзінше «Каспий теңізінің конституциясы» болып, Каспий жағалауы мемлекеттерінің ынтымақтастығына жаңа серпін береді және аймақтағы қауіпсіздік, тұрақтылық пен өркендеудің кепілгері болады деп сенемін», – деп атап өтті Қ. Әбдірахманов.

Конвенция бойынша жұмыс 20 жылдан астам жүргізілді. Құжаттың жобасында Каспий теңізіндегі тараптар қызметінің негізін қалайтын қағидаттар, теңіз айдыны мен ұлттық түбтік секторларды айыру, әскери ынтымақтастық және биологиялық ресурстарды, теңіз түбі мен жер қойнауын, жүзуді, қоршаған ортаны қорғауды, теңіз ғылыми зерттеулерді игеруіне байланысты шаруашылық-экономикалық ынтымақтастықты іске асыру мәселелері белгіленеді.

Қазақстанда өтетін саммиттің барысында қол қою үшін 2010 жылғы Каспий теңізінде қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық туралы келісіміне хаттамалар жобалары бойынша жұмыс жүргізілуде. Бүгінгі күні сұғанақтыққа қарсы күрес, теңізде жүзу қауіпсіздігін қамтамасыз ету, терроризм, ұйымдасқан қылмыстық пен есірткі заттар айналымына қарсы күрес бойынша хаттамалардың жобалары әзірленген.

Каспий аймағының экологиялық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында тараптар Каспий теңізінің ортасын қорғау туралы нобайлы конвенцияға хаттама, сонымен қатар Трансшекаралық мәнмәтіндегі қоршаған ортаға тиетін әсерді бағалау бойынша хаттама жобаларын әзірлеуде.

Каспий жағалауы барлық мемлекеттердің күш-жігерлері Каспий аймағында бейбітшілік, қауіпсіздік, тұрақтылықты және тұрақты экономикалық, экологиялық, мәдени-гуманитарлық даму және ынтмақтастықты қамтамасыз етуге бағытталған.

 

Қазақстан Республикасы

Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз хабарламасы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 1

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив