Қазақстан СІМ басшысы Алматыдағы БҰҰ агенттіктерінің өкілдерімен және дипломатиялық корпуспен кездесті

Қазақстан СІМ басшысы Алматыдағы БҰҰ агенттіктерінің өкілдерімен және дипломатиялық корпуспен кездесті

 Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және Алматы қаласының Әкімі Ерболат Досаев БҰҰ агенттіктерінің басшыларымен және оңтүстік астанада аккредиттелген дипломатиялық корпуспен бірлескен кездесу өткізді.

Алматыдағы халықаралық ұйымдарының кеңсесіне бару барысында ғимаратқа «UN Plaza» атауын беру рәсімі өтті. Бұл ғимараттың ресми инаугурациясы 2019 жылдың мамыр айында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қатысуымен өтті. Бүгінгі таңда Алматы қаласындағы БҰҰ ғимаратында штаттық саны 120 адамнан асатын 18 агенттік орналасқан.

БҰҰ өкілдерімен кездесу барысында М. Тілеуберді БҰҰ-ның Қазақстанда болғанына 30 жыл толуымен құттықтап, осы кезеңдегі еліміз бен жаһандық Ұйым арасындағы өзара іс-қимылдың жоғары деңгейін атап өтті. Қазақстанның Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік орталығын құру жөніндегі бастамасына ерекше назар аударылды. «Мультилатерализмге берік сенім мен міндеттеме, болжамды және сындарлы сыртқы саясат Қазақстан үшін басымдық болып табылады. Өңірлік орталықтың қызметі БҰҰ өңірлік даму жүйесін іске асыру шеңберінде тиімді құрал болады», – деді ҚР СІМ басшысы.

Сонымен қатар, Министр кездесуге қатысушыларды Президент Қ. Тоқаев бастамашылық еткен елдегі саяси реформалардың іске асырылу барысы және 2023 жылғы 19 наурызда жоспарланған алдағы парламенттік сайлауға дайындық туралы хабардар етті.

Өз кезегінде Алматыдағы БҰҰ мен дипломатиялық корпус өкілдері ел басшылығының «Жаңа және Әділетті Қазақстанды» құруға бағытталған күш-жігерін жоғары бағалады және Алматыда қызметті жүзеге асыру үшін қолайлы жағдайды қамтамасыз етуде көрсеткен қолдауы үшін Үкімет пен Әкімдікке алғысын білдірді.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив