«Әділетті Қазақстанның» демократиялық бағыты Еуропа Кеңесінің назарында

«Әділетті Қазақстанның» демократиялық бағыты Еуропа Кеңесінің назарында

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Еуропа Кеңесінің (ЕК) штаб-пәтеріне келіп, ұйымның (ЕКПА) Парламенттік Ассамблеясының қысқы сессиясы аясында бірқатар кездесулер өткізді.

ЕКПА-ның қысқы сессиясының жұмысына Қазақстан Республикасы Парламенті Сенатының депутаттары Нұрлан Бекназаров пен Бауыржан Қаниев те қатысты.

Сапар барысында қазақстандық дипломат ЕКПА Еуропалық консерваторлар мен Демократиялық альянсы тобы отырысында сөз сөйлеп, Еуропа Кеңесінің, Ассамблеяның басшылығымен және еуропалық депутаттармен кездесті.

Еуропалық әріптестерге президент сайлауының қорытындылары, «Әділетті Қазақстан» құруға бағытталған жүргізіліп жатқан ауқымды реформалар, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісі мен мәслихаттары депутаттарының 19 наурызға жоспарланған кезектен тыс сайлауы туралы хабардар етілді.

ЕКПА Төрағасы Тини Кокс, Еуропа Кеңесінің Бас хатшысы Мария Пейчинович-Бурич, оның орынбасары Бьёрн Берге Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Токаевпен жүргізіп жатқан реформаларды жоғары бағалап, ынтымақтастықты арттыруға дайын екендіктерін білдірді және біздің еліміздің бұрын-соңды болмаған геосаяси қиындықтарға тап болған жағдайдағы аймақтық рөлін ерекше атап өтті. Олар қазақстандық қоғамның демократиялық негіздерін одан әрі нығайтуға үлес қосуға ниетті.

ЕКПА төрағасының орынбасарлары, ұлттық делегациялардың басшылары – депутаттары, оның ішінде Бертран Буикс (Франция), Ахмет Йылдыз (Түркия), Эмануэлис Зингерис (Литва) – қазақстандық парламентшілермен байланыстарды жандандыруды және парламентаралық дипломатияны нығайтуды жақтады. Олар Қазақстанның демократиялық бағытын, оның ішінде конституциялық өзгерістерді, өлім жазасын алып тастауды, Парламенттегі әйелдердің мүшелігін кеңейтуді, Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің құқықтарын күшейтуді қолдады, бірақ, олардың айтуы бойынша, бұл қазіргі заманда ЕК елдерінің барлығында кездесе бермейді.

Жаңадан Қазақстан бойынша сайланған баяндамашы, ЕКПА-дағы Еуропа халықтық партиясының тобының басы, поляк сенаторы Александр Почеймен мазмұнды пікір алмасу болды. Ол ағымдағы жылы Астанаға сапармен келуді және ЕКПА мен Қазақстан арасындағы ынтымақтастықты сапалы жаңа деңгейге шығару бойынша ұсыныстар әзірлеуді жоспарлап отыр.

Жалпы, Р. Василенко еуропалық әріптестерін Қазақстанның Еуропа Кеңесімен ынтымақтастығын одан әрі нығайтуға мүдделі екеніне сендірді. Сонымен қатар, осы бірегей, әрі талап етілген ұйымның демократиялық үдерістерді ілгерілетудегі, адам құқықтары мен заңдылықты қорғаудағы әлеуеті әлі таусылған жоқтығын атап өтті.

Анықтама үшін: Қазақстан Еуропа Кеңесінің төрт конвенциясының қатысушысы, сонымен қатар Елдердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы тобы (ГРЕКО) және Құқық арқылы демократия үшін Еуропалық комиссиясының (Венеция комиссия) мүшесі. ЕКПА-мен ынтымақтастық 2004 жылғы екіжақты келісімге сәйкес жүзеге асырылып жатыр. Қазақстан Республикасының мемлекеттік органдары Еуропа Кеңесінің басқа конвенцияларына қосылу бойынша жұмыс жүргізуде.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив