СІМ алқасы: Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты өзінің баламасыздығы мен қажеттілігін дәлелдейді

СІМ алқасы: Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясаты өзінің баламасыздығы мен қажеттілігін дәлелдейді

Сыртқы саяси ведомствосының 2022 жылғы қызметінің қорытындылары, ағымдағы сын-тегеуріндер мен алдағы кезеңге арналған жұмыс контурлары Премьер-Министрдің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді төрағалығымен өткен ҚР Сыртқы істер министрлігі алқасының отырысында талқыланды. Алқа жұмысына ҚР Президенті Әкімшілігі Басшысының орынбасары – Президенттің халықаралық ынтымақтастық жөніндегі арнайы өкілі Ержан Қазыхан да қатысты.

Сыртқы саяси ведомствосының басшысы Министрлік 2020 жылы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев бекіткен Сыртқы саясат тұжырымдамасын одан әрі тиімді іске асыруға бағытталғанын атап өтті. Шекараның периметрі бойынша қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, ҚР-дың өңірлік және жаһандық саясат субъектісі ретіндегі рөлін арттыру, ұлттық мүдделерді қорғау және қамтамасыз ету мұндағы басымдықтар болып қала береді.

«Жаңа сын-қатерлер Қазақстанның көпвекторлы сыртқы саясатты жүргізуін қиындататыны даусыз, бірақ сонымен бірге оның баламасыздығы мен қажеттілігін дәлелдейді. Сонымен қатар, отандық дипломатия үшін проактивті, прагматикалық және теңгерімді сыртқы саяси бағыттан алшақтамай, геосаяси шындыққа бейімделу бойынша уақтылы шаралар қабылдау аса маңызды болып отыр», – деп мәлімдеді Министр.

Өз кезегінде Е. Қазыхан Мемлекет басшысының СІМ жұмысына ерекше назар аударып, дипломатиялық қызметті жетілдіру тұрғысынан нақты нәтиже күтетінін баса айтты.

«Сыртқы саяси ведомствосының алдына Отанымыздың өсіп-өркендеуін, қауіпсіздігін нығайтып, тұрақты дамуын қамтамасыз ету үшін әрбір дипломаттан аянбай еңбек етуді талап ететін ауқымды міндеттер қойылды», – деді ол.

Отырыста 2022 жылғы жүргізілген жұмыстың қорытындысы бойынша баяндамалар мен 2023 жылға арналған жоспарлармен сыртқы саяси ведомствосы басшысының жетекшілік ететін бағыттар бойынша орынбасарлары, Министрліктің құрылымдық бөлімшелері мен ведомстволық бағынысты ұйымдардың басшылары сөз сөйледі.

Алқа барысында өткен жылы 13 шетелдік сапар жасаған, бетпе-бет және онлайн форматтағы 26 халықаралық іс-шараға қатысқан Мемлекет басшысының халықаралық байланыстарының рекордтық саны атап өтілді. Сапарлардың жалпы нәтижесі ретінде 175 құжатқа қол қойылды. Мемлекет басшысының төрағалығымен әлемдік ауқымдағы аса ірі іс-шаралар – Рим Папасы Франциск пен басқа да беделді рухани көшбасшылардың қатысуымен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің съезі ұйымдастырылды, сондай-ақ Азиядағы өзара іс-қимыл және сенім шаралары жөніндегі кеңестің (АӨСШК) саммиті өткізіліп, осы форумды толыққанды өңірлік халықаралық ұйымға айналдыру жөніндегі Астана мәлімдемесі қабылданды.

Сонымен қатар, 2022-2024 жылдарға сайлануы аясында Қазақстанның БҰҰ Адам құқықтары жөніндегі кеңесіне тиімді қатысуы, Женевада ҚР төрағалығымен Дүниежүзілік сауда ұйымының 12-ші министрлік конференциясын сәтті өткізуі және тағы басқа отандық дипломатияның жетістіктері атап өтілді.

Сыртқы саясаттың алдағы кезеңдегі аса маңызды міндеттері туралы айта отырып және 2022 жылы оңтүстік шептерде ҚР мемлекеттік шекарасын халықаралық-құқықтық ресімдеудің толық аяқталғанын ерекше белгілеп, Министр өңірлік кооперацияны ілгерілету және Орталық Азиядағы жақын көршілер мен бауырлас мемлекеттермен өзара әрекеттестік жасау жөніндегі күш-жігерді арттырудың өзекті қажеттігін атап өтті.

Ведомство басшысы стратегиялық әріптестер – Ресей мен Қытаймен тату көршілік және өзара тиімді қарым-қатынастарды одан әрі дамытудың, сондай-ақ жетекші державалар мен өңірлік көшбасшылар – АҚШ, Еуропалық одақ, Азия, Таяу Шығыс және Кавказ мемлекеттерімен қарым-қатынастар динамикасын арттырудың түбегейлі маңыздылығын белгіледі.

М. Тілеуберді көпжақты дипломатия аясында бірегей халықаралық ұйым ретіндегі БҰҰ-ға қатысты еліміздің оң ұстанымын нақты атап өтті.

Осыған байланысты ол Мемлекет басшысының «Қазақстан халықаралық құқық пен БҰҰ-ның Жарғысын сақтауды үнемі жақтайтын болады, БҰҰ-ның әмбебап және баламасыз халықаралық ұйым ретіндегі беделін нығайту үшін белсенді күш-жігер жұмсайтын болады» сөздерін келтірді.

Алдағы кезеңде Мемлекет басшысының Алматыда Орталық Азия мен Ауғанстан үшін Орнықты даму мақсаттары бойынша БҰҰ Өңірлік хабын құру, БҰҰ қамқорлығымен Биоқауіпсіздік жөніндегі халықаралық агенттікті құру, сондай-ақ БҰҰ-да Даму мақсатында волонтерлерді жұмылдырудың халықаралық жылын жариялау сияқты бастамаларын ілгерілетуді жалғастыру тапсырылды. Сонымен қатар, еліміздің 2023-2024 жылдардағы Шанхай ынтымақтастық ұйымына және ағымдағы жылы Түркі мемлекеттері ұйымына (ТМҰ) тиімді төрағалық етуін қамтамасыз етудің, оның ішінде ү.ж. күзінде Түркістанда ТМҰ-ның 10-шы мерейтойлық саммитін сапалы өткізу маңыздылығы атап өтілді.

Әлемдегі геосаяси жағдайдың күрт өзгеруіне және дәстүрлі жеткізу тізбегінің бұзылуына байланысты Қазақстанның транзиттік-логистикалық өзара байланысын дамытудың өзектілігі белгіленді. «ҚР-дың Еуразия құрлығының орталығында орналасқанын ескере отырып, біз үшін Транскаспий халықаралық көлік бағытын одан әрі дамыту, «Солтүстік-Оңтүстік» дәлізін дамыту маңызды», – деп атап өтті М. Тілеуберді.

Алқа отырысында инвестициялық ағындар үшін бәсекелестіктің күшеюі жағдайында экономикалық дипломатияның тиімділігін арттыру және тетіктерін жетілдірудің маңыздылығы терең талқыланды. Осыған байланысты шетелдік инвесторларды қолдау мақсатында 2026 жылға дейінгі Инвестициялық саясат тұжырымдамасын 2022 жылы қабылдаудың және ҚР-да маңызды инвестициялық жобаларды игеріп жатқан стратегиялық инвесторлар үшін инвестициялар туралы келісімдерді қолдануды қайта бастаудың өзектілігі атап өтілді.

Бұдан әрі ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар мен халықаралық корпорацияларды Қазақстанға көшіру бойынша жұмысты жалғастыру қажеттігі атап өтілді. Әлемнің 37 елінен 362 ірі компаниялардың тізімі бекітілді. Бүгінгі таңда 61 компания бойынша нақты нәтиже бар (21 компания көшірілді, 12 компания пысықталуда, 28 перспективалы компания бар).

«Kazakh Invest» ҰК» АҚ басқарма төрағасы Мейіржан Юсуповтың ақпаратына сәйкес, өткен жылдың қорытындысы бойынша ұлттық компанияның қолдауымен шетелдік қатысумен 46 жаңа жобаны іске қосу қамтамасыз етілді. Инвестициялардың жалпы сомасы 4,1 млрд АҚШ долларын құрады, бұл 6 мыңнан астам жаңа жұмыс орындарын құруға мүмкіндік берді. Бұл ретте, жалпы алғанда, 2022 жылдың 9 айында елімізге 22,1 млрд АҚШ доллары тікелей шетелдік инвестициялар тартылды.

Осы ретте алдағы жеті жылда кемінде 150 млрд АҚШ долларын тарту жөніндегі Мемлекет басшысы қойған мақсаттарды жүзеге асырудың нақты жолдары қарастырылды. Қазірдің өзінде 2023 жылы 24,4 млрд АҚШ долларын тарту жоспарлануда.

Министрліктің 2022 жылғы консулдық қызмет желісі бойынша жоспарлы жұмысына да баса назар аударылды. Атап айтқанда, паспорттардың әртүрлі санаттары бойынша визасыз елдер тізімін 80 мемлекетке дейін кеңейту, тоғыз жаңа мемлекетпен өзара келісімдер жасау, сондай-ақ шетелдегі азаматтарымызды электронды құжаттандыру бойынша пилоттық жобаны енгізу туралы айтылды.

Министр шетелдегі азаматтарымыздың құқықтары мен мүдделерін қорғауды және қандастармен жұмысты ерекше маңызды бағыт ретінде белгіледі.

Осы орайда алқа барысында «Отандастар қоры» КЕАҚ президенті Абзал Сапарбекұлының, «KazAID» КЕАҚ басқарма төрағасы Дастан Елеукеновтың және «Сыртқы саяси зерттеулер институты» АҚ төрағасы Болат Нұрғалиевтің баяндамалары назарға алынды.

Қорытындылай келе Министр Мемлекет басшысының 2021 жылғы кеңейтілген алқадағы тапсырмаларына сәйкес дипломатиялық қызметті одан әрі жаңғырту мақсатында реформалар жалғасатынын атап өтті.

Отырыс қорытындысы бойынша М. Тілеуберді сыртқы саяси ведомствосының алдына бірқатар жаңа мақсат қойып, ведомство жұмысының барлық бағыттары бойынша нақты тапсырмалар берді.

ҚР СІМ баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Priscilla 16 апреля 2024 23:04

    It is perfect time to make a few plans for the long run and it's
    time to be happy. I have read this submit and if I may just I wish
    to recommend you some attention-grabbing things or suggestions.

    Maybe you can write next articles referring to this article.

    I want to learn even more things about it!

    Review my blog post - Haz un pedido de ponalar en Bélgica

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив