Жоғары деңгейдегі қазақстандық делегация ҰҚШҰ СІМК, ҚМК және ҚКХК бірлескен отырысына қатысты

Жоғары деңгейдегі қазақстандық делегация ҰҚШҰ СІМК, ҚМК және ҚКХК бірлескен отырысына қатысты

Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді, Президенттің Көмекшісі – Қауіпсіздік Кеңесінің Хатшысы Ғизат Нұрдәулетов және Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымына қатысушы мемлекеттердің Сыртқы істер министрлері кеңесінің, Қорғаныс министрлері кеңесінің және Қауіпсіздік кеңестерінің хатшылары комитетінің бірлескен отырысына қатысты.

Кездесуге қатысушылар өңірлік және халықаралық қауіпсіздіктің өзекті мәселелері, өңірдегі әскери-саяси жағдай бойынша пікір алмасты, ҰҚШҰ-ның ағымдағы жылғы қызметінің қорытындыларын, сондай-ақ Ұйымның 2023 жылғы қызметінің перспективалық бағыттарын талқылады.

Отырыс қорытындысы бойынша тараптар Ұйым шеңберінде практикалық өзара іс-қимылды нығайтуға бағытталған құжаттарға қол қойды және ағымдағы жылғы 23 қарашада Ереван қаласында өтетін ҰҚШҰ Саммитінде мемлекет басшыларының қарауына енгізілетін құжаттардың жобаларын келістірді.

Бір күн бүрын ҰҚШҰ елдерінің Сыртқы істер министрлері қысқа құрамда кездесу өткізіп, бірқатар бірлескен мәлімдемелерді, соның ішінде жаһандық есірткі қаупіне қарсы күрестегі ынтымақтастық, халықаралық ақпараттық қауіпсіздікті қамтамасыз ету саласындағы ынтымақтастықты жандандыру, террористік әрекетті қаржыландыруға қарсы іс-қимыл туралы мәлімдемелерді мақұлдады. 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив