Мәулен Әшімбаев Мұсылман ақсақалдары кеңесінің Бас Хатшысымен кездесті

Мәулен Әшімбаев Мұсылман ақсақалдары кеңесінің Бас Хатшысымен кездесті

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Мұсылман ақсақалдар кеңесінің Бас Хатшысы Мұхаммед Әбделсаламмен кездесті. Кездесу барысында жаһандық дінаралық және өркениетаралық диалогты ілгерілету жөніндегі алдағы өзара іс-қимыл мәселелері сөз болды.

Сенат Спикері Мұхаммед Әбделсаламға биыл қыркүйек айында Астана қаласында өткен Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің VII Съезіне қатысқаны үшін алғысын білдірді. Сондай-ақ ол Мұсылман ақсақалдары кеңесінің әлемдегі бейбітшілікті, бірлікті және діни төзімділікті сақтауға қосып келе жатқан үлесін ерекше атап өтті.

Мәулен Әшімбаев Кеңестің мұсылман қауымдастығында бейбітшілікті нығайту, діни экстремизмге қарсы тұру және дәстүрлі ислам құндылықтарын дәріптеу жолында ауқымды жұмыс атқарып келе жатқанын тілге тиек етті.

Сонымен қатар Сенат Төрағасы бүгінде Қазақстанда Мемлекет басшысының тапсырмасымен 2023-2033 жылдарға арналған Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің Съезін дамыту тұжырымдамасы әзірленіп жатқанын айтты. Бұл құжатта форумды одан әрі дамытудың нақты қадамдары мен кезеңдері белгіленеді.

Өз кезегінде Мұхаммед Әбделсалам Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері Съезінің беделі мен рөліне, сондай-ақ, Қазақстанның әлемдегі конфессияаралық және өркениетаралық диалогты дамытуға қосып отырған үлесіне назар аударды.

Айта кетейік, Мұсылман ақсақалдары кеңесі тәуелсіз халықаралық ұйым. Оның қызметі мұсылман қауымдастықтарындағы бейбітшілікті нығайтуға, діни шиеленісті азайтуға және төзімділікті арттыруға ықпал етуге бағытталған.

Сенаттың Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив