Қылмыс және есірткіге қарсы күрес - Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың басты бағыты

Қылмыс және есірткіге қарсы күрес - Қазақстан мен БҰҰ арасындағы ынтымақтастықтың басты бағыты

2022 жылғы 26-27 қазан - Қазақстан Сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары Қайрат Омаров Алматы қаласына жасаған жұмыс сапары барысында БҰҰ Есірткі және қылмыс басқармасының (БҰҰ ЕҚБ) өңірлік өкілдігі және Есірткі құралдарының, психотроптық заттар мен олардың прекурсорларының заңсыз айналымына қарсы күрес жөніндегі Орталық Азия өңірлік ақпараттық үйлестіру орталығының (ОАӨАҮО) басшылығымен келіссөздер жүргізді.

Қ.Омаровтың БҰҰ ЕҚБ-ның Орталық Азиядағы өңірлік өкілі Ашита Митталмен өткізген консультация барысында ауған есірткі қаупіне қарсы іс-қимыл, шекараны нығайту, түрмелердегі радикализацияға жол бермеу, сондай-ақ қылмыстық жолмен алынған мүлік пен кірістерді қайтару салаларындағы ынтымақтастықтың басымдықтары талқыланды. Сұхбаттастардың пікірінше, БҰҰ ЕҚБ-ның Орталық Азиядағы техникалық жәрдем бағдарламалары өңірдегі мемлекеттердің  қауіпсіздік және әлеуметтік-экономикалық салаларындағы ұлттық басымдықтарына сәйкес практикалық нәтижелерге қол жеткізуге бағытталуы тиіс.

ОАӨАҮО директорының м.а. Атагельды Язлыевпен болған кездесу аясында өңірдегі есірткі трафигінің қазіргі үрдістері және орталықтың соңғы 15 жылда өткізген есірткіге қарсы операциялары және талдамалық зерттеулерінің нәтижелеріне негізделген әрі қарай дамыту жолдары талқыланды. Кездесудің қорытындысы бойынша ОАӨАҮО мен оның халықаралық серіктестері арасындағы ынтымақтастықты БҰҰ-ның Есірткі заттар комиссиясы және басқа да алаңдар шеңберінде күшейтуді одан әрі үйлестіру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Сонымен қатар, қазақстандық дипломат Орталық Азия елдерінің есірткінің заңсыз айналымы, қылмыс және басқа да трансұлттық тәуекелдер және қатерлерге қарсы күрес салаларындағы әлеуетін арттыру мақсатында әзірленген 2022-2025 жылдарға арналған БҰҰ ЕҚБ-ның Орталық Азия үшін бағдарламасы шеңберіндегі Басқарушы комитеттің отырысында сөз сөйледі. Қ.Омаров Қазақстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Түрікменстан және Өзбекстан өкілдерін жақында өткен БҰҰ күні және БҰҰ-ға мүшеліктерінің 30 жылдығымен құттықтай отырып, «Орталық Азиядағы қауіпсіздік пен тұрақтылықты нығайту - Қазақстанның да, басқа Орталық Азия елдерінің де сыртқы саясатының басымдығы. Біз бұл өңірдегі БҰҰ ЕҚБ-ның белсенді әрі жасампаз рөлін құптаймыз және оның Орталық Азияға арналған бағдарламасын іске асыруды толық қолдаймыз», - деп атап өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив