Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті қабылдады

Мемлекет басшысы Халықаралық шахмат федерациясының президенті Аркадий Дворковичті қабылдады

Қасым-Жомарт Тоқаев Аркадий Дворковичті Халықаралық шахмат федерациясының (ФИДЕ) президенті лауазымына жуырда қайта сайлануымен құттықтады.

Кездесу барысында Мемлекет басшысына Астанада әлемнің 12 мықты шахматшысының басын қосқан ФИДЕ Гран-при әйелдер сериясының бірінші кезеңінің өткізілуі туралы мәлімет берілді. Қасым-Жомарт Тоқаев осындай деңгейдегі іс-шараларды өткізу еліміздегі шахмат спортының дамуына елеулі үлес қосатынын атап өтті.

– Қазақстанда шахмат кеңінен танымал, әсіресе, балалар мен жастар арасында.  Бізде 7 мыңнан астам секция жұмыс істейді,  дегенмен бұл көрсеткішті кемінде екі есе арттыруға тиіспіз.  Қазір шахматпен 200 мыңнан астам адам айналысады. Қазақстандық шахматшылар халықаралық жарыстарда сәтті өнер көрсетіп жүр. Біз бұл спортты қолдауға баса мән береміз. Шахматты дамытудың Жол картасы әзірленді. «Мектептегі шахмат» ауқымды жобасын жүзеге асыру жоспарланып отыр, – деді Мемлекет басшысы.

Өз кезегінде Аркадий Дворкович Қазақстанда шахматты жеке қолдағаны және танымал спортқа айналдырғаны үшін Қасым-Жомарт Тоқаевқа ризашылығын білдіріп, ФИДЕ шахматты мектеп бағдарламасына енгізу жөніндегі халықаралық тәжірибесін бөлісуге дайын екенін жеткізді.

Сонымен қатар олар Қазақстан мен ФИДЕ арасындағы ұзақ мерзімді ынтымақтастық мәселелері жөнінде пікір алмасып, елімізде ірі халықаралық турнирлер өткізу перспективаларын талқылады

https://www.akorda.kz/kz/memleket-basshysy-halykaralyk-shahmat-federaciyasynyn-prezidenti-arkadiy-dvorkovichti-kabyldady-2985112 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Elvera 13 октября 2023 16:59

    I'm gone to convey my little brother, that he should also pay a quick visit this blog on regular basis to obtain updated
    from newest news update.

    Feel free to visit my website: Buck

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив