Ұлттық экономика министрлігінде Түркі инвестициялық қорын құру мәселесі талқыланды

Ұлттық экономика министрлігінде Түркі инвестициялық қорын құру мәселесі талқыланды

Әлібек Қуантыров Түркі мемлекеттері ұйымының Бас хатшысы Бағдат Әміреевпен кездесті.

Тараптар Түркітілдес мемлекеттер арасындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Атап айтқанда, өзара іс-қимылдың негізгі басымдықтарының бірі бес түркітілдес елдің алғашқы бірлескен қаржы институты – Түркі инвестициялық қорын құру болып табылады.

Бұл бастаманы барлық Мемлекет басшылары Түркітілдес мемлекеттердің бейресми саммиті аясында қолдады.

Кездесу барысында министр ҚР ҰЭМ серіктестерімен бірлесіп, Түркі инвестициялық қорын құру туралы келісім жобасын қалыптастыру бойынша белсенді жұмыс жүргізіп жатқанын айтты.

Келісім жобасы халықаралық қаржы ұйымын құруды көздейді. Оның мақсаты ішкі өңірлік сауданы кеңейту және экономикалық қызметті қолдау арқылы ТМҰ-ға қатысушы мемлекеттердің экономикалық дамуына жәрдемдесу болып табылады.

Кездесу қорытындысы бойынша тараптар ынтымақтастықтың барлық аспектілері бойынша жұмысты жандандыруға келісті. 

https://ortcom.kz/kk/novosti/1663301488 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив