Қазақстан мен Румыния арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға 30 жыл толды

Қазақстан мен Румыния арасындағы дипломатиялық қарым-қатынастарға 30 жыл толды

Бүгін Қазақстан мен Румыния арасында дипломатиялық қатынастардың орнағанына 30 жыл толды.

Айтулы оқиғаға орай Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары –Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді және Румынияның Сыртқы істер министрі Богдан Ауреску өзара құттықтау хаттарымен алмасты.

Сонымен қатар, бүгін ҚР Сыртқы істер министрінің орынбасары Роман Василенко Румыния Елшісі Мадалина Лупумен арнайы кездесу өткізді. Әңгіме барысында отандық дипломат Румыния Қазақстанның Оңтүстік-Шығыс Еуропадағы маңызды саяси әріптесі болып табылады деген баға берді. Ол алдағы жылдары жан-жақты ынтымақтастық саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық салаларда халықтарымыздың игілігі үшін одан әрі кеңейе беретініне сенім білдірді. Тараптар екі ел арасында жоғарғы деңгейдегі байланыстарды одан әрі нығайту қажеттілігін және парламентаралық диалогтың қарқынды даму серпінін атап өтті.

Сауда-экономикалық тұрғыдағы табысты ынтымақтастық, соның ішінде Экономикалық және ғылыми-техникалық ынтымақтастық жөніндегі үкіметаралық комиссия шеңберінде де, жүзеге асырылуда. Румынияда Қазақстанның ең ірі шетелдік активінің – «ҚазМұнайГаз Интернэшнл» компаниясының қызмет етуі инвестициялар тұрғысынан өзара тиімді әріптестіктің көрінісі болып табылады.

Тараптар мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамытуға ниетті. Осы тұрғыда Қазақстан мен Румыния азаматтарын олардың мәдени қазыналарымен өзара таныстыру мақсатындағы бірлескен іс-қимылдың жоғары деңгейі қалыптасты. Атап айтқанда, екі ел астаналарында «Қазақстан» және «Бухарест» скверлері ашылды, сондай-ақ ұлы ақындар Абай Құнанбайұлы мен Михай Эминескуге арналған ескерткіштер орнатылды.

Елдеріміз арасында жанды көпір қызметін Қазақстанда Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды және Павлодар қалаларындағы бірқатар ұлттық-мәдени қоғамдастықтары табысты жұмыс істеп келе жатқан румын диаспорасы да атқаруда.

Бүгінде Қазақстан мен Румыния екіжақты негізде де, халықаралық аренада да өзара тиімді ынтымақтастықты жалғастыруға, достық қатынастарды дамытуға дайын екендерін растайды.

Анықтама ретінде: Румыния Қазақстан Республикасының тәуелсіздігін 1991 жылдың 17 желтоқсанында, еліміз тәуелсіздігін жарияланғаннан кейінгі келесі күні таныды. Бүгінде Румыния — Қазақстанның әлемдегі 13-ші сауда серіктесі (2020 жылы – 15-ші орын). Атап айтқанда, 2021 жылы екіжақты тауар айналымы 1,6 млрд. АҚШ долл. (экспорт 1,5 млрд. АҚШ долл. құрады, импорт – 48 млн. АҚШ долл.). Бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 17,3% - ға артық.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/401084?lang=kk 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив