Сенаторлар сақтандыру нарығын дамыту туралы заң жобасын талқылады

Сенаторлар сақтандыру нарығын дамыту туралы заң жобасын талқылады

Сенатта Қаржы және бюджет комитетінің кеңейтілген отырысы болды. Депутаттар сақтандыру және бағалы қағаздар нарықтарын реттеу мен дамытуға, сондай-ақ банк қызметіне қатысты заң жобасын талқылады.

Құжатта жаңа қаржы өнімдерін енгізу, қызметтерді одан әрі цифрландыру, тұтынушылар мен инвесторлардың құқықтарын қорғау сапасын арттыру көзделіп отыр.

«Заң жобасында ұсынылған түзетулер халықты сақтандыру ауқымын кеңейту, сақтандыру қызметіне қол жеткізу мүмкіндіктерін арттыру, осы қызметті тұтынушылардың құқықтарын қорғау сапасын арттыру есебінен сақтандыру секторының ел экономикасындағы маңызын арттыруға және сақтандыру нарығы көрсеткіштерінің одан әрі өсуіне ықпал ететін болады», - деді сенатор Жеңіс Нұрғалиев.

Заң жобасында үш негізгі бөлік: сақтандыру секторы, бағалы қағаздар нарығы және банк қызметі қарастырылып отыр.

Сенаторлар комитеттің кеңейтілген отырысының қорытындысы бойынша заң жобасын Палатаның қарауына жіберу туралы шешім қабылдады.

Сенаттың Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив