Қазақстан мен Сауд Арабиясының сыртқы істер министрлері екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Қазақстан мен Сауд Арабиясының сыртқы істер министрлері екіжақты ынтымақтастықтың өзекті мәселелерін талқылады

Қазақстан Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі ханзада Фейсал бен Фархан бен Абдулла Әл Саудпен келіссөздер жүргізді.

Сыртқы саяси ведомстволардың басшылары сенім мен өзара түсіністік рухында саяси, экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Күн тәртібіндегі жаһандық және өңірлік өзекті мәселелер жөнінде пікір алмасылды. Сауд тарапына елімізде жүргізіліп жатқан кең ауқымды саяси реформалар мен әлеуметтік-экономикалық саясат туралы ақпарат берілді.

Тараптар сауда және инвестициялық салалардағы ынтымақтастықты белсенді түрде арттыруға өзара қызығушылық білдірді. 2021 жылғы қыркүйекте Нұр-Сұлтан қаласында өткен үкіметаралық комиссияның 5-ші отырысының және қазақстандық-сауд инвестициялық форумының қорытындылары оң тұрғыда атап өтілді. Өңіраралық ынтымақтастықты нығайтуға, көлік-логистика және энергетика салаларындағы өзара іс-қимылға, азық-түлік қауіпсіздігі мәселелеріне ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, Қазақстан мен Сауд Арабиясының БҰҰ, ИЫҰ және басқа да халықаралық ұйымдар желісі бойынша өзара іс-қимылы, оның ішінде екі елдің түрлі халықаралық құрылымдардағы бастамаларына өзара қолдау көрсету қарастырылды.

Қазақстанға сапар аясында Сауд Арабиясының Сыртқы істер министрі Президент Қасым-Жомарт Тоқаев пен Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың қабылдауында болды.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/384268?lang=kk 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив