Италия Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын

Италия Қазақстанмен ынтымақтастықты кеңейтуге дайын

Рим, 2022 жылғы 1 маусым – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеубердінің Италия Республикасына сапары шеңберінде Италияның Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрі Луиджи Ди Майомен келіссөздері өтті.
Тараптар Қазақстан мен Италияның жоғары басшылығы арасындағы байланыстардың қарқынды дамып келе жатқанын және екіжақты өзара іс-қимылды нығайтуға деген өзара қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өтті.
Сонымен қатар, сыртқы саяси ведомстволардың басшылары саяси, сауда-экономикалық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты одан әрі дамыту мен тереңдетуді және стратегиялық әріптестік рухында шарт-құқықтық базаны нығайтуды талқылады. Үкіметаралық және парламентаралық байланыстарды дамытуға барынша жәрдемдесу жөнінде уағдаластыққа қол жеткізілді.
Қазақстан СІМ басшысы Италиямен өзара іс-қимыл спектрін кеңейту маңыздылығын атап өтті. "Италия Қазақстанның Еуропадағы басты сауда серіктестерінің бірі. Біз сіздің еліңізбен ынтымақтастыққа үлкен мән береміз. дипломатиялық қатынастардың 30 жыл ішінде біз жақсы нәтижелерге қол жеткіздік", - деді М.Тілеуберді.
Өз кезегінде Министр Л. Ди Майо итальяндық тарап өзара тиімді ынтымақтастықты кеңейтуге және жоғары деңгейдегі сапарлармен алмасуға мүдделі екеніне сендірді. "Қазақстан Еуропалық одақпен Кеңейтілген әріптестік пен ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған Орталық Азиядағы жалғыз ел. Біз Орталық Азия өңіріндегі сенімді серіктесімізбен алдағы уақытта да өзара іс-қимыл жасауға дайынбыз", - деп атап өтті итальяндық министр.
Екі елдің сыртқы саяси ведомстволарының басшылары Қазақстан мен Италия арасындағы дипломатиялық қатынастардың 30 жылдық орнатылуына байланысты құттықтау хаттарымен алмасты.
Айта кететін жайт, жоғары деңгейдегі кездесу Италияның Ұлттық күні қарсаңында өтті. Осыған орай, ҚР СІМ басшысы Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Италия Президенті Серджо Маттареллаға жолдаған құттықтауын жеткізді.
Министр М.Тілеуберді сондай-ақ "Жаңа Қазақстанды" құрудың саяси негізіне айналатын ҚР конституциялық реформасы бойынша алдағы жалпыұлттық референдумға ерекше назар аударды. Итальяндық тарап ҚР Президентінің реформаларына берік қолдау білдіріп, олардың имплементациясы еліміздің саяси жаңғыруына ықпал ететінін атап өтті.
Екіжақты ынтымақтастықтың маңызды элементі сауда-инвестициялық өзара іс-қимыл екені белгілі. Осыған байланысты Италияның іскер топтар өкілдерімен "дөңгелек үстел" өткізілді. Іс-шараға итальяндық тараптан Италия Сыртқы істер және халықаралық ынтымақтастық министрінің орынбасары, Қазақстан-Италия Өнеркәсіп және экономикалық ынтымақтастық және алмасу жөніндегі үкіметаралық жұмыс тобының тең төрағасы Манлио Ди Стефано қатысты. Іс-шара барысында екі ел арасындағы сауда және инвестициялық байланыстарды кеңейту бойынша бірлескен жұмыс жолдары талқыланды.
Итальяндық бизнесмендер Қазақстанда өңдеу өнеркәсібі, құрылыс, көлік және логистика, ауыл шаруашылығы, машина жасау және жасыл энергетика салаларында өзара тиімді жобаларды іске асыруға қызығушылық танытты.
Алматы - Милан бағыты бойынша аптасына 2 рет жиілікпен тікелей әуе қатынасын ашудың маңыздылығы атап өтілді, бұл екі елдің сауда-экономикалық байланыстарын дамытуға ықпал ететін болады.
Сапар барысында М.Тілеуберді итальяндық «Maire Tecnimont», «Same Deutz-Fahr», «Ansaldo Energie S.p.A.» және т.б. компаниялардың басшыларымен екіжақты кездесулер өткізіп, ағымдағы және перспективалық жобаларды талқылады, сондай-ақ Қазақстанмен іскерлік серіктестікті одан әрі нығайтуға бейілділігін растады.
Италия Қазақстан экономикасының ірі инвесторларының бірі. ҚР Ұлттық банкінің деректері бойынша 2021 жылы Италиядан тікелей шетелдік инвестициялар көлемі 122,8 млн АҚШ долларын құрады. Біздің елдеріміз арасындағы өзара тауар айналымының көлемі 2021 жылы 9,6 млрд. доллар (экспорт - 8,8 млрд және импорт - 0,8 млрд) құрады.

https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa/press/news/details/381963?lang=kk 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив