Ақмарал Әлназарова Конституцияға енгізілетін түзетулерді болашақ дәрігерлермен талқылады

Ақмарал Әлназарова Конституцияға енгізілетін түзетулерді болашақ дәрігерлермен талқылады

Сенат депутаты Ақмарал Әлназарова елордалық медицина университетінің студенттерімен және ұжымымен кездесті.

Сенатор кездесуге қатысушыларға Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы айтып, алдағы референдумды өткізу мәселелерін талқылады.

«Конституцияға енгізу көзделіп отырған өзгерістер Қазақстанда тарихи оқиға және еліміз азаматтарының көп жылғы талаптары болып отыр. Осыған байланысты халықтың мемлекетті басқаруға тікелей қатысуына әкелетін өзгерістер өте көп», - деді Ақмарал Әлназарова.

Ол сонымен қатар медициналық сала қызметкерлері мен студент жастардың референдумға белсенді қатысуының маңыздылығын атап өтіп, жүргізіліп жатқан Конституциялық реформада көтерілген мәселелердің зор ауқымына қатысушылардың назарын аударды.

Университет студенттері мен оқытушылары өз кезегінде республикалық референдумға қатысуға дайын екендіктерін білдіріп, Конституцияға енгізілетін түзетулерді қолдайтындарын айтты.

Сенаттың Баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив