Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша БҰҰ өкілдерімен кездесу өтті

Экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл бойынша БҰҰ өкілдерімен кездесу өтті

Ақпарат және қоғамдық даму вице-министрі Серік Егізбаев Біріккен Ұлттар Ұйымының Есірткі және қылмыс бойынша басқармасының Орталық Азиядағы өңірлік өкілі – Ашита Митталмен, сондай-ақ БҰҰ ЕҚБ өзге де өкілдерімен кездесу өткізді.

Тараптар экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл саласындағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады.

С.Егізбаев министрліктің дін саласындағы алдын алу жұмыстары туралы, оның ішінде террористік және экстремистік қылмыстарға қатысқаны үшін сотталған тұлғалармен оңалту шаралары туралы айтып өтті.

Өз кезегінде, А.Миттал Қазақстанның діни экстремизмнің алдын алу саласындағы оңтайлы тәжірибесін атап өтіп, ағымдағы жылғы мамырда өтетін «Бас бостандығынан айыру мекемелерінен босатылған соң сотталғандарды әлеуметтік қайта интеграциялаудағы азаматтық қоғамның рөлі» атты форумға қатысып, құттықтау сөз сөйлеуге шақырды.

Кездесу барысында жастарды радикалды идеологияның әсерінен алыстату, интернеттегі контрнасихат жұмыстары, экстремистік және террористік бағыттағы қылмыстар үшін сотталғандармен жұмыс бойынша қолдау көрсету, сондай-ақ БҰҰ ЕҚБ-мен ынтымақтастықты кеңейтіп, оның ішінде террористік белсенді аймақтардан қайтарылған азаматтарды оңалту және қайта интеграциялау аясында азаматтық секторды дамыту мәселелері бойынша тәжірибе алмасу болып өтті.

https://www.gov.kz/memleket/entities/qogam/press/news/details/363023?lang=kk

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив