Антикор департаменті мен елорда әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Антикор департаменті мен елорда әкімдігі арасында ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды

Сыбайлас жемқорлықтың кез келген көрінісіне «мүлдем төзбеушілік» ахуалын қалыптастыруға бағытталған сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясаттың тиімділігін арттыру мақсатында Әкімдік пен елордалық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Департаменті сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс институтын ілгерілету туралы келісімге қол жеткізді.

Алғы сөзбен елорда әкімі Алтай Көлгінов сөз сөйледі, онда қол қойылатын құжаттың маңыздылығын, яғни бірлескен жұмысына оң серпін беретінін атап өтті.

Меморандумның мақсаты өңірде сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясатты іске асыруға бағытталған келісілген іс-қимылдарды әзірлеу және ақпарат алмасу, сондай-ақ комплаенс саласындағы мамандарды үздіксіз оқыту процесін қамтамасыз ету арқылы корпоративтік мәдениетті дамыту болып табылады.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресті күшейту және оның алдын алудың қазіргі заманғы әдістерін қолдану мәселелері, оның ішінде корпоративтік сектор үшін де өзекті міндет болып табылады.

Қазіргі заманғы сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат азаматтық қоғаммен, оның ішінде парасатты бизнеспен әріптестік қатынастарға негізделе отырып, алдын алуға «бәстігеді».

Бұл тұрғыда Бизнестің адалдығы өте маңызды. Сөз компаниялардың заң талаптарын және өзіне қабылдаған барлық міндеттемелерді орындауы туралы болып отыр.

Корпоративтік парасаттылықты қамтамасыз етудің негізгі құралы комплаенс тәуелсіз қызметтерінің тәуекелдерді басқару және ішкі бақылау шеңберіндегі тиімді қызметі болып табылады», - деп атап өтті өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаментінің басшысы Шыңғыс Қабдула.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив