Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның Кәсіподақтар федерациялары Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесін құрды

Қазақстан, Өзбекстан және Тәжікстанның Кәсіподақтар федерациялары Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесін құрды

Бүгін Өзбекстан астанасы – Ташкентте Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин, Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Кудратулла Рафиков және Тәжікстан Тәуелсіз кәсіподақтар федерациясының төрағасы Маликшо Нематзода Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесін (ОАЕКК) құру туралы хаттамаға қол қойды.             

Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесінің бірінші құрылтай жиналысына қатысушыларға арнаған сөзінде Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Қудратулла Рафиков үш мемлекеттің ірі кәсіподақ бірлестіктерін біріктіру туралы шешімнің ортақ болғанын атап өтті. Ол құрылып жатқан Кеңестің мақсаты ОАЕКК мүшелерінің еңбеккерлердің әлеуметтік-еңбек, кәсіптік, экономикалық және басқа да заңды құқықтары мен мүдделерін, кәсіптік одақтардың құқықтары мен қызметіндегі кепілдіктерін қорғау жөніндегі іс-әрекеттерін біріктіру екенін баса айтты.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесінің құрылуы Орталық Азия аймағындағы 15 миллионнан астам еңбеккерлердің лайықты еңбек стандарттарына және ол үшін әділ төлемге ұмтылысында ынтымақтастықты бекітуге мүмкіндік беретінін және халықаралық кәсіподақтар бірлігін нығайтуға әсер ететіндігін атап өтті. ҚРКФ басшысы Кеңес қызметінің бағыттары бойынша бірқатар ұсыныстар жасады.

«Біріншіден. Жыл сайын Орталық Азия елдерінің Субөңірлік кәсіподақ форумын өткізу, онда біз кәсіподақ қызметінің өзекті мәселелерін талқылап, ортақ көзқарастарды әзірлей аламыз. Бірінші форумды 2022 жылы Қазақстанда өткізуді ұсынамын.

  Екіншіден. Өзбекстан Кәсіподақтар федерациясы жанынан құрылатын Кәсіподақтар академиясының базасында (егер өзбекстандық әріптестер келіссе) Бірыңғай білім беру хабын қалыптастыру, онда біздің өкілдер тұрақты негізде жаңа білім алып, кәсіподақтың озық тәжірибелерімен алмаса алатын болады.

  Үшіншіден. Біздің елдердің кәсіподақ шипажайларында кәсіподақ мүшелеріне санаторлық-сауықтыру қызметтерін көрсету үшін кәсіподақтық сауықтыру және туризмнің бірыңғай картасын әзірлеу», - деп Сатыбалды Дәулеталин әріптестерімен өз көзқарасын бөлісті.    

    Тәжікстанның Тәуелсіз кәсіподақтарының атынан Федерация төрағасы Маликшо Нематзода Кеңес мүшелерінің ортақ мақсаты – Еңбек адамының мүдделері мен құқықтарын қорғауды ұстану екендігін ерекше атап өтті.

Орталық Азия елдерінің кәсіподақтары кеңесі мүшелерінің  бірінші құрылтай жиналысының жұмысына ұлттық кәсіподақ орталықтары делегацияларының мүшелерінен басқа, видеоконференцбайланысы арқылы Халықаралық еңбек ұйымының Еуропа және Орталық Азия бөлімінің басшысы Сергеюс Гловацкас, ХЕҰ-ның Шығыс Еуропа және Орталық Азия бойынша бюросының еңбеккерлер қызметі жөніндегі бас маманы Гоча Александрия және БЕАК атқарушы хатшысы Антон Леппик қатысты.

ХЕҰ және ХКК өкілдері жаңа аймақтық кәсіподақтар бірлестігінің құрылуын құптап, жаңа құрылымды ілгерілету мен дамытуда жан-жақты қолдау көрсетуге дайын екендіктерін білдірді.

Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы

 

                            

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив