Нұр-Сұлтанда Қазақстандық-Британдық ынтымақтастық талқыланды

Нұр-Сұлтанда Қазақстандық-Британдық ынтымақтастық талқыланды

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 4 қарашасы – Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Алмас Айдаров пен Ұлыбританияның халықаралық сауда жөніндегі мемлекеттік министрі Ранил Джаяварденаның тең төрағалығымен Сауда-экономикалық, ғылыми-техникалық және мәдени ынтымақтастық жөніндегі Қазақстан-Британ үкіметаралық комиссиясының (ҮАК) сегізінші пленарлық отырысы өтті. ҮАК-тің 6 жұмыс тобының отырыстары 21 қазан мен 2 қараша аралығында онлайн-форматта ұйымдастырылды.

Тараптар ҮАК қызметінің өткен жылғы нәтижелерін қарастырып, екіжақты ынтымақтастықтың жаңа бағыттарын талқылады. Сондай-ақ, отырыс барысында қаржы секторы, тау-кен өнеркәсібі, энергетика, білім беру, ауыл шаруашылығы және цифрландыру жөніндегі жұмыс топтарының есептері тыңдалды.

Сөз сөйлеу кезінде А.Айдаров пандемияға қарамастан 2020 жылы Қазақстанға тартылған Британ инвестицияларының көлемі 36% өсіп, 620-дан 849 АҚШ млн. долл. Құрағанын ерекше атап өтті. «Бұл оң үрдіс 2021 жылы да жалғасын тауып отырғанын қуана атап өткім келеді. Бірінші жарты жылдықтың қорытындысы бойынша Қазақстанның экономикасына құйылған британдық инвестициялардың көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 32% өсіп, 612 АҚШ млн. долл. Құрады» - Министрдің орынбасары айтты.       

Өз кезегінде Р. Джаявардена Қазақстанның өңірде бизнесті жүргізу үшін барынша қолайлы жағдай жасау бойынша күш-жігерін жоғары бағалап, британдық тараптың цифрландыру, ауыл шаруашылығы, жасыл экономика және денсаулық сақтау салаларындағы ынтымақтастықты одан әрі ілгерілетуге мүдделігін растады. 

Іс-шараның қорытындысы бойынша 8-ші ҮАК отырысының хаттамасы мен респираторлық, онкологиялық және жаңа технологияларды енгізу арқылы басқа да ауруларды емдеудегі өзара іс-қимылдың одан әрі перспективаларын ашатын ҚР Денсаулық сақтау министрлігі мен «Astra Zeneca» британдық ірі фармацевтикалық компаниясы арасында Ынтымақтастық жөніндегі меморандумға қол қойылды.  

Тараптар кезекті 9-шы ҮАК отырысын 2022 жылы Лондонда екі елдің бірқатар іскерлік топтарының қатысуымен өткізуге уағдаласты.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

  1. аватар
    Garnet 22 августа 2023 21:59

    Howdy would you mind letting me know which webhost you're
    using? I've loaded your blog in 3 different internet browsers and I must say
    this blog loads a lot quicker then most. Can you recommend
    a good hosting provider at a honest price? Many thanks, I appreciate it!



    My page Yasmin

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив