Бас прокурор Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президентімен кездесу өткізді

Бас прокурор Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президентімен кездесу өткізді

Бүгін Нұр-Сұлтанда Бас Прокурор Ғизат Нұрдәулетов Халықаралық прокурорлар қауымдастығының президенті Чхоль-Кю Хванмен кездесті.

Ғ.Нұрдәулетов Қазақстанға сапары үшін Хван мырзаға алғысын білдіріп, оның прокурорлардың кәсіби қоғамдастықтарының өзара іс-қимылын дамытудағы рөлін атап өтті.

«Қауымдастық әлемнің көптеген елдерінің прокуратуралары мен әділет органдары арасындағы келіссөздер үшін тиімді алаң ретінде әрекет етеді. Бұл біздің ынтымақтастығымызды жақсартады және жаңа сын-тегеуріндер мен қауіп-қатерлерге тиімді қарсы тұру үшін үздік тәжірибелер мен тәжірибе алмасуға жағдай жасайды», - деді Бас Прокурор.

Өз кезегінде қонақ ұйымдастырылған кездесу үшін ризашылығын білдіріп, одан әрі ынтымақтастыққа дайын екендігін білдірді.

Тараптар қылмыстық кірістерді жылыстатумен, трансұлттық және киберқылмыспен күрес, ұрланған активтерді қайтару мәселелерінде құқықтық көмек және тәжірибе алмасу мәселелері бойынша халықаралық өзара іс-қимылды күшейту қажеттігін атап өтті.

Қазақстан Республикасы

Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив