Иран Ислам Республикасының жаңа Президенті Ибрахим Раиси АӨСШК процессінің орнықты күшеюіне мен жандануына қолдауын білдірді

Иран Ислам Республикасының жаңа Президенті Ибрахим Раиси АӨСШК процессінің орнықты күшеюіне мен жандануына қолдауын білдірді

АӨСШК Атқарушы Директоры Елші Қайрат Сарыбай Иран Ислам Республикасының шақыруымен Иран Ислам Республикасының жаңа Президенті Жоғары Мәртебелі Сейи́д Ибрахи́м Раиси́дің лауазымын атқаруға кірісуін атап өтетін салтанатты рәсіміне қатысты. 2021 жылғы 4-5 тамыз аралығындағы іс-сапары барысында жаңа сайланған Президент Раиси Атқарушы Директорды қабылдады. Сонымен бірге, Елші Қайрат Сарыбай Иран Парламентінің Спикері Мохаммад Багер Галибаф мырзамен кездесті.    

Президент Раиси мырзамен кездесу барысында Атқарушы Директор Иран тарапына АӨСШК-ке тұрақты қолдау үшін ризашылығын білдірді және Иранның жаңа Президентінің басшылығымен алдағы кезде де бүкіләлемдік және аймақтық бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету процессінің күшеюіне  едәуір үлесін қосатынына сенімділігін білдірді. Атқарушы Директор  Азияның халықаралық аренадағы маңызды рөлін атап өтті, сонымен қатар, Форум шеңберінде бірегей ынтымақтастық механизмді құру қажеттігін айқындап айтты. Бұл мәнмәтінде, Елші Сарыбай Президент Раиси мырзаға Қазақстанның АӨСШК-ке Төрағалығының 2021 жылғы министрлік кездесу  мен 2022 жылғы АӨСШК Саммит өткізу ниеті туралы хабарлап, қадамдарды талап ететін және АӨСШК-ті едәуір алға шығаратын іс-әрекеті – АӨСШК-ті халықаралық ұйымға айналдыру басымдығы туралы атап өтті. Атқарушы Директор Иранның Сыртқы істер министрі Джавад Зарифке Азиядағы ынтымақтастық пен диалогты нығайтуға қосқан  оразан үлесі үшін ризашылығын білдірді.    

Президент Раиси халықаралық серіктестері мен АӨСШК секілді маңызды аймақтық форумдармен ынтымақтастық жасауға аса қолдаушылығын көрсететіні туралы атап өтті.  Ол үкіметаралық ұйымдары хатшылықтарының, оның ішінде АӨСШК-тің Хатшылығы да, мүше мемлекеттердің үкіметтері арасында ынтымақтастықты дамытудың, олардың маңызды шешімдерді қабылдау процестеріндегі айғақты рөлін  сипаттап өтті.   «АӨСШК өзінің қойған мақсаттарына белсенді түрде алға ұмтылуы тиіс және мүше мемлекеттерінің үкіметтері арасында ынтымақтастықты күшейтуі жөн» деп атап өтті Президент Раиси. Сонымен қатар, ол АӨСШК-тің рөлін ұдайы күшейту мен ұлғайту керектігін айрықша баса айтты. Президент Раиси Иранның АӨСШК жұмысының негізгі бағыттарына қосқан үлесіне назар аударды, сонымен бірге, Иранның Форум мақсаттарына жету процесіне одан әрі белсенділікпен қатысу дайындығын және Азия мәселелері жөніндегі ынтымақтастықты кең ауқымды деңгейде жетілдіру ниетін білдірді. 

Иран Парламентінің Спикері Мохаммад Багер Галибаф мырзамен кездесу барысында АӨСШК Атқарушы Директоры Иранның Форум аймағының ішінде және одан тыс ауқымда аймақтық қауіпсіздікті қамтамасыз етудегі маңызды рөлін ерекше атап өтті.   Елші Сарыбай Иранның АӨСШК процесінің дамуына қосқан үлесі үшін ризашлығын білдірді және Иранның жаңа үкіметімен қарым-қатынас жасауға  дайындығын жеткізді. Атқарушы Директор бейбітшілік пен қауіпсуздікті біржақты ретпен қамтамасыз ету мүмкін еместігі туралы, сонымен бірге, АӨСШК сұхбат жүргізу мен өзара әрекеттестік үшін қолайлы алаңы екеніне назар аударды.  Елші Сарыбай көпжақты қарым-қатынастардың маңызды рөлі мен әр мүше мемлекеттің ортақ іске бірегей қатысушылықтың орасан рөлін атап өтті. Нәтижесінде осының бәрі Азия елдерінің өркендеуіне әкеліп, өзара тиімді ынтымақтастық пен өзінің болашағы туралы дербес түрде шешім қабылдау қолайлы жағдайды тудырады.      

Иран Парламентінің Спикері Мохаммад Багер Галибаф мырза бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету барлық мемлекеттердің (солардың ішінде Иран да бар) басымдығы  болып табылатыны туралы атап өтті және де бүгінгі таңда Азия бүкіләлемдік бейбітшілік пен қауіпсіздік бағытында қадамдар жасап отырған  басты қозғаушы күштерінің бірі болып табылады және ол бүкіләлемдік бейбітшілік, қауіпсіздік пен экономикалық өркендеуді толығымен қолдайды.  Мохаммад Багер Галибаф докторы лаңкестік, заңсыз есірткі тасымалы және басқа да қауіпсіздік қатерлерді кейбір мемлекеттердің біржақты әрекеттерін жеңу үшін жеткіліксіз екенін атап өтті.  Иран Парламентінің Спикері Мохаммад Багер АӨСШК-тің бейбітшілік пен қауіпсіздікті қамтамасыз ету жолында жағымды нәтижелерге жететініне сенімін білдірді.

Тегеранға іс-сапары барысында, Атқарушы Директор Экономикалық ынтымақтастық ұйымының (ЭЫҰ) Бас Хатшысы Хади Сулейманпур мырзамен кездесті және ол өз серіктесімен АӨСШК мен ЭЫҰ арасында өзара  әрекеттестік пен әлеуетті тиімді ынтымақтастықтың бағыттары жөнінде жемісті әрі мазмұнды пікір алмасты.   

Елші Сарыбай ЭЫҰ Бас Хатшысын АӨСШК-тің ағымдағы жұмысы туралы хабардар етті, соның ішінде, Қазақстанның АӨСШК-ке Төрағалығының Форумды толымды ұйымға айналдыру және АӨСШК процесінің, Хатшылығының институционалды әрі орнықты дамуын күшейту жөніндегі басымдығы туралы атап өтті.   АӨСШК Атқарушы Директоры АӨСШК мен ЭЫҰ арасында әлеуетті өзара әрекеттестікті мазмұнды түрде жасау мәнмәтінінде тиімді шешімдер мен нақты салаларға назар аударды. Сол салаларға Азиядағы АӨСШК мен ЭЫҰ мүдделерінің ұқсастығы мен географиялық орналасуын, АӨСШК-тің көп санды мүшелігі мен жан-жақты күн тәртібін, сонымен бірге ЭЫҰ-тың экономикалық өлшемінде орасан мол тәжірибесін ескере отырып, кешенді тәсілді  өзара байланыстылықты күшейту әрекеттері кіреді.  Мысал ретінде, Елші Сарыбай ұқсас мандаттары бар АӨСШК мен ЭЫҰ арнайы мекемелерінің әрекеттерін біріктіре отырып, екі ұйымның форумдарында немесе басқа да іс-шараларына қатысу сияқты тиімді өзара әрекеттестіктің мүмкіндіктерін атап өтті.    

ЭЫҰ Бас Хатшысы ЭЫҰ мен АӨСШК мақсаттары бір-біріне ұқсас келетіні туралы ерекше атап өтті және ортақ мақсаттарға жету үшін қолайлы тәсілдерді қолдана отырып, өзара тиімді ынтымақтастықты дамытудың орасан  зор мүмкіндіктеріне назар аударды.  Сулейманпур докторы аймақтың өркендеуі мен Азия елдерінің экономикалық жағдайын жақсарту мақсатына жетудің маңыздылығын ерекше атап өтті, соның ішінде, аймақтық ұйымдарының әрекеттерін жаһандық ауқымда біріктіріп,  қаржы жұмсалым мен инвестицияларға жол ашудың керектігіне назар аударды. ЭЫҰ Бас Хатшысы ЭЫҰ мен АӨСШК екіжақты келісім негізінде екі ұйымдарының жұмысына бақылаушылар статусында қатыса отырып, ынтымақтастықты күшейте алады және мүше мемлекеттердің мүдделеріне сай ұлттық нормативтік құжаттарды дамытуда қолғабыс көрсету сияқты немесе басқа да тиісті аймақтар мен субаймақтарды жетілдіру мақсатында өзара тиімді тәжірибелік қадамдар жасай алады. 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

7 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив