Ауыл шаруашылығында субсидиялар беру тетігі жүйелі және тұрақты болуға тиіс

Ауыл шаруашылығында субсидиялар беру тетігі жүйелі және тұрақты болуға тиіс

«Antikor.Live» жобасы аясында Ақмола облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің әлеуметтік желілеріндегі парақшаларда «Ауыл» ХДПП өңірлік филиалының координаторы Анар Аяпбергеновамен агроөнеркәсіптік кешендегі субсидиялау саласындағы проблемалық мәселелер туралы сұхбат өтті.

Спикер Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің ауыл шаруашылығындағы субсидиялау саласына ауқымды талдау жүргізу туралы бастамасын қолдай отырып, бөлінетін бюджет қаражатын ауыл шаруашылығы өнімінің өндірісі мен сапасын арттыру мақсатында ұтымды және тиімді пайдалану қажеттігін атап өтті. Сондықтан талдау осы саладағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін анықтауға және кейіннен субсидиялар берудің ашықтығын қамтамасыз етуге және әкімшілік кедергілерді азайтуға мүмкіндік беруі тиіс.

Ағымдағы жылы Ақмола облысының ауыл шаруашылығы саласын мемлекеттік қолдауға шамамен 33 млрд.теңге бөлінді, ал АӨК саласын субсидиялау мемлекеттік қызметтің 9 бағыты бойынша жүзеге асырылады. Алайда, Анар Аяпбергенованың пікірінше, субсидиялар мемлекеттік қолдау алу туралы ақпарат санының жетіспеуі, оларды алу рәсімінің күрделілігі және басқа да бірқатар себептерге байланысты көбінесе микро және шағын бизнеске жете бермейді. Сондықтан, мұндай кәсіпкерлер үшін мемлекет тарапынан қолдаудың тағы бір нысаны қажет болуы мүмкін, тиімді және ойластырылған.

Сондай-ақ спикер «Qoldau» платформасының өзі де жетілдіруді талап ететінін, оның жұмысы бірқатар наразылықты тудыратынын атап өтті. Жүйеде көптеген техникалық проблемалар бар, соның салдарынан субсидиялар берудің ашықтығы мен айқындылығы жеткіліксіз қамтамасыз етіледі.

Жалпы, тікелей эфир қонағының пікірінше, субсидияларды ұсыну мәселелерінде бірінші кезекте жүйелілік пен тұрақтылық болуы тиіс. Ережелердегі жиі өзгерістер тиімділік пен нәтижелілікке әкелмейді, барлық анықталған олқылықтарды ескере отырып, тұрақты нақты талаптарды белгілеу қажет.

«Субсидиялау саласын кешенді талдау аясында біздің өңірде жұмыс тобы құрылды, оның құрамына Кәсіпкерлер палатасының, партиялардың, белсенді қоғам өкілдері, сарапшылар, БАҚ кірді. Біз ауыл шаруашылығы өндірушілерінен проблемалық мәселелер мен ұсыныстар жинаймыз, көшпелі кездесулер өткіземіз. Қазір біз, топ өкілдері ретінде, халыққа олардың субсидиялау бойынша өз проблемалары туралы ашық сөйлеуін барынша айтуға, бізге жүгінуге және болашақта уәкілетті органдар қарайтын нақты ұсыныстарды бірге енгізуге тиіспіз», - деді спикер.

Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Ақмола облысы бойынша департаменті

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив