Иранның СІМ басшысы Қазақстанға ресми сапармен келді

Иранның СІМ басшысы Қазақстанға ресми сапармен келді

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 7 сәуірі – Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары - Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Нұр-Сұлтан қаласына ресми сапармен келген Иран Ислам Республикасының Сыртқы істер министрі Мохаммад Джавад Зарифпен келіссөздер өткізді.

Сұхбаттастар екіжақты ынтымақтастықтың қазіргі ахуалы мен болашақ дамуын, сонымен бірге өңірлік және халықаралық күн тәртібіндегі өзекті мәселелерді талқылады. Министрлер сауда-экономикалық ынтымақтастықты арттыру жолдарын қарастырды.

Cыртқы саясат ведомстволарының басшылары Каспий теңізі өңірін дамыту мәселелері бойынша бірлескен жұмыстарды үйлестіруге баса назар аударды.

Сонымен қатар, тараптар БҰҰ, АӨСШК, ИЫҰ, ЭЫҰ және басқа халықаралық және өңірлік ұйымдар шеңберіндегі өзара іс-қимылды оң бағалап, бұл бағыттағы жұмыстарды жалғастыруға келісті.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар ҚР мен ИИР сыртқы істер министрліктері арасындағы Ынтымақтастық бағдарламасына қол қойды.

Бүгін Иранның Сыртқы істер министрі сондай-ақ Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың қабылдауында болады.

Қазақстан Республикасының Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив