ҰҚШҰ Бас хатшысымен кездесу туралы

ҰҚШҰ Бас хатшысымен кездесу туралы

 

Нұр-Сұлтан, 2021 жылдың 10 наурызы - Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Сыртқы істер министрі Мұхтар Тілеуберді Ұжымдық қауіпсіздік туралы шарт ұйымының Бас хатшысы Станислав Засьпен кездесті.

Кездесу барысында ҰҚШҰ-ның қазіргі жұмысы туралы пікір алмасылып, Ұйым қызметінің барлық негізгі бағыттары бойынша кең ауқымды мәселелер талқыланды.

Министр осы жылдың мамыр айында Душанбе қаласында өтетін ҰҚШҰ Сыртқы істер министрлері кеңесінің кезекті отырысына шақыруды қабылдады.

Тараптар ұйымды одан әрі нығайту бойынша ынтымақтастыққа дайын екендіктерін білдірді.

ҰҚШҰ 2002 жылы құрылған және құрамына Қазақстанмен қатар Армения, Беларусь, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстан кіретін халықаралық өңірлік ұйым. Қазіргі уақытта ҰҚШҰ-ға Тәжікстан Республикасы төрағалық етеді. ҰҚШҰ Ұжымдық қауіпсіздік кеңесінің кезекті сессиясы 2021 жылдың төртінші тоқсанында Тәжікстанда өтеді.

Беларусь өкілі С.Зась ҰҚШҰ Бас хатшысы лауазымына 2020 жылғы 1 қаңтардан бастап 2022 жылғы 31 желтоқсанға дейінгі кезеңге тағайындалды.

Қазақстан Республикасы Сыртқы істер министрлігінің

баспасөз қызметі

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив