ЕЛОРДАДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ МЕН КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

ЕЛОРДАДА ЖОҒАРЫ ОҚУ ОРЫНДАРЫ МЕН КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІМЕН СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША КЕЗДЕСУ ӨТТІ

Бүгін «Саналы ұрпақ» жобасы аясында Нұр-Сұлтан қаласы «Нұр Отан» партиясының алаңында елорданың жоғары оқу орындары мен колледждері жанындағы жастар ісі жөніндегі комитеттердің басшыларымен Сыбайлас жемқорлыққа төзбеушілікті қалыптастыру және парасаттылық идеологиясын ілгерілету бойынша кездесу өткізілді, сондай-ақ жатақханалар мониторингінің нәтижелері талқыланып, ұсыныстар берілді.

Іс-шараға Нұр-Сұлтан қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті басшысының бірінші орынбасары Бақытжан Ниязов, «Нұр Отан» партиясының Нұр-Сұлтан қалалық филиялының «Jas Otan» жастар қанаты төрағасының орынбасары, елордалық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы арнайы мониторингтік топтың мүшесі Арсланбек Мағзұм қатысты. филиала Молодежного крыла «Jas Otan» при партии «Nur Otan» г.Нур-Султан

Іс - шараның модераторы Нұр-Сұлтан қаласы «Нұр Отан» партиясы жанындағы «Jas Otan» жастар қанатының төрағасы, «Астана – адалдық алаңы» жобасының менеджері Бақдәулет Жанділдаев болды. 

Іс-шара барысында Бақытжан Ниязов білім беру саласында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар туралы, атап айтқанда, барлық жоғары оқу орындары мен колледждерде «Саналы ұрпақ» студенттік клубтары жұмыс істейді, олардың негізгі мақсаты білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлықты жою, жалпы білім алушылардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы дүниетанымын қалыптастыру болып табылады.

Спикер жастар арасында сыбайлас жемқорлыққа мүлдем төзбеушілік мәдениетін тәрбиелеу қазақстанның стратегиялық дамуының негізгі бағыты болып табылатынын атап өтті.

Бақытжан Ниязов студенттерді парасаттылық және адалдық қағидаттарын ұстануға және жас ұрпақты кез келген құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қалыптастыру, парасаттылық қағидаттарын насихаттау жөніндегі жұмысқа белсенді тарту бойынша жұмыс жүргізуге шақырды. 1424 Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің Call-орталығының жұмыс істеуі туралы ақпарат берілді, ол бойынша әрбір адам консультация ала алады және сыбайлас жемқорлық фактілері туралы хабарлай алады.

Іс - шара барысында «Jas Otan» жастар қанатының елордалық филиалы «Астана – адалдық алаңы» жобасының менеджерлерімен, Нұр-Сұлтан қаласы сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті жанындағы арнайы мониторингтік топ мүшелерімен бірге жоғары оқу орындары мен колледждердің жатақханаларына жүргізілген мониторинг қорытындылары айтылды.

Арсланбек Мағзұм атап өткендей, мұндай іс-шаралар тұрақты негізде өткізіледі, оның мақсаты жатақханалар аумағында бөгде адамдардың тұру мүмкіндігін болдырмау және қоныстандыру рәсімдерінің ашықтығын қамтамасыз ету болып табылады.

Мониторингпен 23 жатақхана, оның ішінде 11 жоғары оқу орны мен 12 колледж қамтылды.

Мониторинг барысында студенттер бөлмелері қаралып, жатақхана жұмысымен, студенттердің тұру және бос уақытын өткізу жағдайларымен танысты.

Мониторинг кезінде бұзушылықтар мен ескертулер анықталған жоқ.

Жатақханаға орналасуға өтінімдерді қабылдау онлайн режимде өтеді. Жұқтырудың алдын алу үшін әрбір жатақханада қолды өңдеуге арналған дезинфекциялаушы құралдар орнатылады, бетперде режимін қатаң сақтауда орын алады. Сондай-ақ, кейбір жатақханаларда сыртқы киімдерді өңдеу үшін дезинфекциялық туннельдер орнатылады. Сонымен қатар, әр жатақханада білім беру ресурстарына қол жеткізуге арналған жоғары жылдамдықты интернет бар.

Алайда, бірқатар оқу орындарының студенттерге арналған өз жатақханалары жоқ.

Осыған байланысты, «Нұр Отан» партиясының сайлауалды компаниясы бойынша елордада 2025 жылға дейін 10 мың студент үшін жатақхана салу жоспарланып отыр, бұл студенттер үшін орын тапшылығын айтарлықтай қысқартуға мүмкіндік береді.

Мысалы, «Астана» медициналық университетінде осы бағдарлама аясында 1500-ден астам студентке арналған жаңа жатақхана салуды жоспарлап отыр.

Бұл бағыттағы жұмыс жалғасатын болады.

Сондай-ақ, шара барысында студенттерді толғандыратын мәселелерді талқылауға және сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттағы бірлескен іс-шаралар бойынша ұсыныстарды тыңдауға мүмкіндік берген ашық диалог өтті.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив