ПАРАСАТТЫ ҚОҒАМ — ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

ПАРАСАТТЫ ҚОҒАМ — ТӘУЕЛСІЗДІК ТІРЕГІ

«Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен «Парасат жолы» жобасы аясында Өскемен қаласының Оралхан Бөкей атындағы орталықтандырылған кітапхана жүйесінде Ел тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Парасатты қоғам - Тәуелсіздік тірегі» атты рухани кездесу өтті.

Шараға Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Шығыс Қазақстан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин, ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Мұқатай, Халықаралық «Шабыт» фестивалінің лауреаты, «Алтын қалам» әдеби сыйлығының жеңімпазы, ҚР Үкіметінің «Дарын» мемлекеттік жастар сыйлығының лауреаты, ҚР Жазушылар одағының мүшесі, ақын, Өскемен қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Қалқаман Сарин, Айтыскер ақын, «Алтын домбыра» республикалық ақындар айтысының жүлдегері Серік Қуанғанұлы, Ұлан аудандық мәслихат депутаты, ақын, өнер қайраткері Нұртай Тілеужан, Өскемен қалалық мәслихат депутаты, «Jas Otan» ЖҚ ШҚОФ төрағасы, жас ақын Алмас Айтмұқаш және «ZOOM» платформасы арқылы онлайн режимде «Парасат жолы» аймақтық орталықтарының өкілдері, аудандық және қалалық мәслихат депутаттары, жазушылар, жастар, студенттер, жергілікті қоғамдастықтың беделді тұрғындары қатарынан белсенді қауым қатысты.

Сонымен қатар, «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің Facebook желісіндегі парақшасынан тікелей трансляция жүргізілді.

«Парасат жолы» - адалдық, парасаттылық, әділеттілік қағидаттарын қалыптастыруға, сондай-ақ ұлттық мәдениет пен руханият құндылықтарын қоғамда ілгерілетуге бағытталған жоба. Жобаға сәйкес, адалдықты насихаттау жолында кітапхана қызметкерлері, ғалымдар, жазушылар, ақындар, дін өкілдері және танымал тұлғалармен бірлесе жұмыс істеу қарастырылған.

«Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің бастамасымен қазіргі уақытта республиканың барлық аймақтарында парасаттылық орталығы ашылып жатыр. Ондағы басты мақсат зиялы қауым өкілдерімен бірлесіп жең ұшымен жалғасқан жемқорлықтың кесірін халыққа жеткізу. «Парасат жолы» орталығы алдағы уақытта талай азаматтың санасына сілкініс жасауға және оқырман қауымның таным-түйсігіне ізгі ой қалдыруға, ізгілікті істердің ізін жалғастыруға едәуір ықпал етеді деген үміттеміз», – дейді Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ШҚО бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин.

ҚМДБ Өскемен аймағының бас имамы Ермек Мұқатай ислам тұрғысынан сыбайлас жемқорлықтың зияны мен залалы бойынша пікірімен бөлісті.

«Алла Тағала мұсылмандарға пара алудан және пара беру арқылы мансап иелерінің разылығын табудан тыйған. Сонымен қатар екі жақтың арасында (пара алушы мен пара берушінің) жүрген дәнекер де ауыр күнә істеген болады. Ислам параның қандай түріне болмасын тыйым салады. Тіпті сыйлық ретінде берілген параның өзі харам. Біздің дініміз кемел. Сондықтанда біз Абай атамыздың «Толық адам» ілімін кеңінен насихаттап, кемел болуына тәрбиелейміз», - деді Ермек Мұқатай.

Кездесу барысында, ақын Қалқаман Сарин «Адалдық», «Парасаттылық» құндылықтарын насихаттауды жалғастыру керек екенін айтты:

– Мемлекеттік қызметшілер жиындардан, халықпен кездесулерден қашпай, олармен бетпе-бет кездесу керек. Әрине, бір қарын майды, бір құмалақ шірітеді, - демекші әр салада, әр жерде басқаша пиғылда ойлайтын, теріс әрекеттер жасайтын адамдар баршылық. Біз соларға осы «Адалдық алаңы», «Парасат жолы» ұғымдарын насихаттауды жалғастыруымыз қажет. Ата-ананың тәрбиесін көрген, біреудің ала жібін аттамаған, кітап оқыған зейінді жастарымыз мұндай әрекеттерден аулақ болады деп айта аламын.

Рухани шараға мұрындық болған айтыскер ақын Серік Қуанғанұлы жыр-шумақтарымен арнау айтып, осындай ұлттық құндылықтарды дәріптеу жолында «Адалдық алаңы» жобасының бастамасын қолдайтынын жеткізді.

Сондай-ақ, өнер қайраткері Нұртай Тілеужанда өзінің пікірімен бөлісіп жемқорлықтың ел үшін тигізетін зиянына тоқталды.

Кездесу соңында, жас ақын Алмас Айтмұқаш ұлт көсемі Әлихан Бөкейхановтың сөзін тілге тиек етіп, Егеменді еліміздің мерейлі мерейтойы қарсаңында шығарған «Тәуелсіздік» атты өлеңін оқыды.

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив