Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді аяқтаймыз

Әскерге шақыру учаскелеріне тіркеуді аяқтаймыз

Елордада 2004 жылы туылған бозбалаларды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу аяқталуға жақын. Ағымдағы жылдың қаңтарынан бастап «Алматы», «Байқоңыр», «Есіл» және «Сарыарқа» аудандарының әкімдерімен құралған тіркеу комиссиялары өз жұмыстарын жалғастыруда.                   

         Елордадағы ұйымдар мен кәсіпорындарының басшыларымен өздерінің ведомстволық бағыныстылығы мен меншік нысанына қарамастан, тіркеу учаскелеріне тіркеуге жататын азаматтарды әскери есепке қоюға байланысты міндеттерді орындау үшін қажетті уақытқа жұмыс және оқу орнын, атқаратын лауазымы мен орташа жалақысын сақтай отырып, жұмыстан және оқудан босатылды. Бұл ретте олардың жұмыс және оқу орындары, лауазымдары мен орта жалақылары сақталынды. 

Нұр-Сұлтан қаласы қорғаныс істері жөніндегі депатаменті бастығының орынбасары Ақжолтай Уалиахметов өз сұқбатында:  

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» 2012 жылғы 16 ақпандағы Қазақстан Республикасы Заңының 16-бабына және  «Әскери міндеттілер мен әскерге шақырылушыларды әскери есепке алу қағидаларына» сәйкес тіркелетін жылы он жеті жасқа толатын ер жынысты Қазақстан Республикасының азаматтарын әскери есепке қою, олардың санын, әскери қызметке жарамдылық дәрежесін айқындау, білім деңгейін, алған мамандығы мен дене дайындығы деңгейін белгілеу мақсатында бозбалаларды шақыру учаскелеріне тіркеу жүргізілуде. 

Дәрігерлік комиссия өтуі және әскери командаларды жасақтау кезінде пандемияның алдын алу шараларының барлығы қатаң қолданылып, әлеуметтік қашықтық сақталынуда.

Қала бойынша барлығы 5 800-ден астам бозбала есепке тұруға тиіс, олардың 4 900-і әскери есепке тіркелді. Жоспарға сәйкес бір апта көлемінде бұл бағыттағы жұмыстарды аяқтайыз.

Наурыздан бастап 18 бен 27 жас аралығындағы ер азаматтарды көктемгі әскерге шақыру науқанын бастаймыз».

 

        

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив