Мұқағали Мақатаев 90 жаста

Мұқағали Мақатаев 90 жаста

         Бүгін Нұр-Сұлтан қаласының орталықтандырылған кітапханасында ақын Мұқағали Мақатаевтың 90 жылдығына  орай Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі, Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері Ұлттық әскери-патриоттық орталығының қолдауымен «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Республикалық қоғамдық бірлестігі Елордалық филиалы және Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаментінің ұйымдастыруымен, Елордамыздағы жалпы орта білім бетерін мемлекеттік мекемелерінің үздік «Жас Сарбаздықтарының» қатысуымен «Мұқағали Мақатаевқа арнау» атты 90 жылдық мерейтойы атап өтілді.

         Шара барысында «Жас Сарбаз» Республикалық қоғамдық бірлестігі Нұр-Сұлтан қалалық филиалының ұйымдастыруымен өткен «Мұқағали Мақатаевқа арнау» инстаграм байқауының қорытындысы шығарылды. Байқаудың жеңімпазы болып №16 мектеп оқушысы Түгел Амина атанды. Жүлдегерлер қатарына №74 мектеп оқушысы Тұяқбай Ақнұр және №66 Мейрамбек Аяжан ілікті.

         Аталмыш шараға Қазақстан Республикасының Қорғаныс министрілігі өкілдері, Нұр-Сұлтан қаласының Жастар саясаты мәселелері басқармасының жастармен жұмыс бөлімінің басшысы Ақұлан Тастемір, Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің Орталықтандырылған кітапханалар жүйесі " КММ директоры Гульбадан Мадибаева, Нұр-Сұлтан қаласы Қорғаныс істері жөніндегі департаменті бастығының орынбасары Артур Қасқарауов, «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы – Асхат Налшыбек қатысты.

Шараға Мұқағали Мақатаевтың қызы Алмагүль және немересі Роза видео сәлемдемелерін жолдап, ел болшағы жастарға өз ризашылықтарын білдіріп, болашақтағы бастамаларына сәттілік тіледі. 

     «Бүгінгі болып жатқан іс-шара – тау тұлғалы ақиық ақын Мұқағали Мақатаев атамыздың 90 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын.14-15 жасынан жанына қағаз бен қаламды серік еткен, болмысынан таланты таудай биік алып ақынның бізге қалдырған мұрасы телегей теңіз. Тәлім мен тәрбие, махаббат пен достық, Отансүйгіштіктің шыңына лайық жырларын қазақпын деген әр адам жаттап алғанына сенімім мол. 

Сая болып жаныңа емен, терек,

Жетер енді жатқаның көлеңкелеп.

Өгейсінбей өзі боп қалу үшін,

Өнер керек ұрпаққа, өлең керек!

- деген өлеңі, өскелең ұрпақтың көзі ашық, көкірегі ояу, ойы жүйрік болуын қалаған нар ақынның ішкі тербелісін аңғартады. 

"Бүгін менің туған күнім ой пәлі-ай,

Мына адамдар неге жатыр тойламай"

- деп жырлаған, дара ақынның туған күнін біз атап өтуге асықпыз. Мұқағали жырларын жас ұрпаққа насихаттап, елін, жерін, Отанын сүйетін жастардың еліміздің өркендеп өсіп, кең қанат жаюына ықпал етеріне сенеміз» - деп қорытындылады «Жас Сарбаз» жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысы Нұр-Сұлтан қалалық филиалының төрағасы Асхат Налшыбек.

 

 

 

 

                                     

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив