Ресейлік өндірушілердің өнімдерінде стафилококк пен ішек таяқшасы табылды

Ресейлік өндірушілердің өнімдерінде стафилококк пен ішек таяқшасы табылды

Қостанай облысының дүкен сөрелеріне түскен ресейлік өндірушілердің ет өнімдерінен қауіпті бактериялар анықталды.

Осылайша, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің Ұлттық сараптама орталығының мамандары өндіруші «Чинкова» ЖК (Челябі облысы) ұсынған «Премиум» пісірілген шұжығынан патогенді стафилококк тапты.

Сондай - ақ, Қостанай облысы бойынша ҰСО мамандары ресейлік өндіруші «Смирнов» ЖК (Челябі облысы) өнімдерінің «Котлетный» бройлер-балапандар етінен жасалған жартылай фабрикатта ішек таяқшасы тобының бактериясын анықтады.

Ішек таяқшалары тобының бактериялары «Саран консерві зауыты» АҚ (Мордовия Республикасы, Ресей) өндіретін қойылтылған сүт сынамаларынан да табылды.

Үлгілерді ағымдағы жылдың қаңтар айында халық тұтынатын тауарлар сапасының мониторингі шеңберінде ҚР ДСМ СЭБК Қостанай облысы бойынша санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті сатып алды.

Бұл зерттелген өнім Кеден одағының техникалық регламенттерінің талаптарына сәйкес келмейді: «Тамақ өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 021/2011, «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 034/2013, «Сүт және сүт өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» КО ТР 033/2013.

Қазіргі уақытта санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті денсаулыққа қауіпті өнімдерді алу және жою бойынша шаралар қабылдауда. 

Анықтама үшін:

Ішек таяқшасы бактериялары - бұл тамақ сапасының әмбебап көрсеткіші. Ішек таяқшаның болуы - тамақ немесе судың фекальды ластануының көрсеткіші. Дұрыс емес тасымалдау, сақтау, пісіру немесе қызмет көрсету салдарынан өнімдерге еніп, көбейе алады. Бұл микроорганизмдердің көбеюі ауыр улануды тудыруы мүмкін. Тамақтан улану белгілері: іштің ауыруы, жүрек айну, құсу, диарея, мүмкін қанмен. Дене температурасы әдетте аздап көтеріледі немесе қалыпты болып қалады.

Стафилококк-бұл сыртқы ортада өте кең таралған бактерия. Оларды ауада, суда, жерде және әртүрлі заттардың беттерінде табуға болады. Тамаққа түскен стафилококк инфекциясы өте тез көбейіп, қант пен ылғал мөлшері жоғары ортада қауіпті токсинді шығарады. Инфекция кезінде токсиннің патогендік дозасы өнімдерде 6-10 сағат ішінде жиналады. Өнімде жинақталған токсин ішекке енеді, тез сіңеді және тамақтан улануды тудырады. Адамда кенеттен қатты құсу және эпигастрий аймағында ауырсыну пайда болады. Кейде асқазанды тазалау қажет.

ҚР ДСМ ТКҚСҚБК

 «Ұлттық сараптама орталығы»

Баспасөз-қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив