Серіктестік департаменті директорының орынбасары Перизат Сәдуақастың «Агенттіктің 2020 жылғы ақпараттық жұмысында ашықтық қағидатын іске нәтижелері туралы» брифингтегі тезистері 2021 жылғы 22 қаңтар

Серіктестік департаменті директорының орынбасары Перизат Сәдуақастың «Агенттіктің 2020 жылғы ақпараттық жұмысында ашықтық қағидатын іске нәтижелері туралы» брифингтегі тезистері 2021 жылғы 22 қаңтар

Азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенім деңгейі олардың жұмысының тиімділігі мен ашықтығының аса маңызды көрсеткіші.

Бұл тұрғыда Президент Қасым-Жомарт Тоқаев ұсынған "Халық үніне құлақ асатын мемлекет" тұжырымдамасы барлық мемлекеттік аппарат қызметіндегі көзқарастарды трансформациялауға берік бағыт береді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы саясат туралы азаматтарды кеңінен ақпараттандыру, өз жұмысының ашықтығын арттыру, қоғамда жемқорлықты қабылдамау мәдениетін қалыптастыру, сервистік қолжетімділікті жақсарту мақсатында Агенттік бірқатар маңызды бастамаларды жүзеге асыруда.

2020 жылы Агенттік «AntikorNews» және «АntikorLive» атты ерекше медиа-жобаларды іске қосты.

«AntikorNews» Агенттіктің БАҚ-пен және жұртшылықпен өзара іс-қимылының маңызды құралы ретінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы контенттің үздіксіз онлайн көрсетілімін қамтамасыз етіп, сондай-ақ Антикор қызметінің нәтижелері мен басымдықтары туралы жедел хабарлайды.

«AntikorNews» жаңалықтары алдын алу шараларына, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамаға, Агенттіктің қоғамдық алаңдағы жұмысына қатысты мәселелердің кең ауқымын қамтиды (мысалы, «Адалдық алаңы», Арнайы мониторинг тобы, Республикалық ақпараттық-ағарту штабы, «Сапалы жол», «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы», «Адал көмек», «Саналы ұрпақ» және т.б.).

«AntikorNews» жаңалықтары мемлекеттік және орыс тілдерінде таратылады. Олар апта сайын Агенттіктің ресми сайтында және әлеуметтік желілердегі аккаунттарында жарияланып, барлық өңірлік телеарналардан көрсетіледі.

2020 жылы Орталық аппарат «AntikorNews»-тің 40 шығарылымын, аумақтық департаменттер 650 шығарылымын әзірледі.

Азғана уақыт аралығында бұл жоба нәтижелілігін көрсетіп, сұранысқа ие болды. Оның тұжырымдамасына тіпті Иордания Корольдігінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствосы қызығушылық танытты.

Сондай-ақ «AntikorNews» жобасының аясында 60-қа жуық брифинг өткізіліп, 130-ға жуық жедел түсірілім және БАҚ-та 6,2 мыңнан астам материал жарияланды. Антикор өкілдері Орталық коммуникациялар қызметі мен «Болашақ» халықаралық бағдарламалар орталығында өткен 5 баспасөз конференциясына қатысты.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы өзекті тақырыптар бойынша аумақтық департаменттер де апта сайын өздерінің баспасөз брифингтерін ұйымдастырады. Былтыр 800-ден аса спикердің, сондай-ақ облыс әкімдерінің (98 шара) қатысуымен 587 брифинг өткізілді.

Агенттіктің «АntikorLive» медиажобасы парасаттылық идеологиясын түсіндіруге және қоғамда сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыруға бағытталған. Бұдан бөлек, жоба аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы мемлекет саясатының түрлі аспектілері үнемі жарияланып отырады.

«AntikorLive» жобасының аудиториясын танымал әлеуметтік желілер мен видеохостингтердің оқырмандары құрайды.  "Тікелей эфирлер" белгіленген уақытта орталық және жергілікті атқарушы органдар, квазимемлекеттік сектор өкілдерінің, сондай-ақ қоғамдық пікір көшбасшыларының қатысуымен сұхбат, блиц, дәріс форматында өтеді.

Жобаның эфирлері БАҚ-та жарияланады, эфир барысында спикерлер азаматтардың сұрақтарына өз жауаптарын береді. Кейбір тақырыптар қоғамдық резонансқа ие болады, осылайша мемлекеттік органдардың назарын проблемалық мәселелерге аударады

Жалпы, 2020 жылы "AntikorLive" жобасы аясында 150 спикердің қатысуымен 139 тікелей эфир өтті. Өңірлер 4 500-ден астам спикердің қатысуымен 5,5 мың тікелей эфир өткізді. Жалпы қаралым саны шамамен 4 миллионды құрады.

Агенттік алаңындағы «AntikorLive» жобасына Президенттің кеңесшілері Бағдат Мусин, Олжас Құдайбергенов, ҚР Тұңғыш Президенті Қорының Атқарушы Директорының орынбасары Игорь Рогов, Бала құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин, танымал режиссер Нұртас Адамбай, блогерлер Ғалым Байтук, Аида Жексен, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттары Ерсұлтан Бектұрганов, Павел Казанцев, Бақытбек Смағұл, орталық мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, сонымен қоса басқа да қоғам өкілдері қатысты.

Жалпы, есептік кезеңде Агенттік жергілікті атқарушы органдармен және қоғамдық ұйымдармен бірлесіп сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған 3,5 мыңнан астам билбордтар мен баннерлер, 1 100-ден астам бейнеролик, 400-ге жуық аудиоролик дайындады.

Әлеуметтік желілерде "Агенттік қызметкерінің бір күні" және "AntikorCase" сияқты пайдаланушылар арасында оң пікір тудырған бірқатар басқа перспективалық жобаларды іске асыруда.

Агенттік белсенділікті арттыру үшін Instagram парақшасында үнемі жаңа айдарлар ашуда. Аудиторияны тарту үшін "Сіз білесіз бе?", "АнтикорТаланттары", "Ұлылардың қанатты сөздері", "Күн саны", "Миф және шындық" айдарымен танымдық және анимациялық посттар, бейнероликтер жарияланды.

Сондай-ақ, Агенттік арнайы пошта маркасын және Елбасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы қанатты сөздері бар пошта конверттерін шығарған алғашқы мемлекеттік орган болғанын атап өткен жөн.

Агенттік республикалық және өңірлік БАҚ өкілдерімен ынтымақтастықта белсенді ақпараттық жұмыс жүргізеді.

Есептік кезеңде орталық аппарат қызметкерлерінің 60-тан астам сұхбаты ұйымдастырылды. Сонымен қатар, Агенттік "Тенгриньюс", «Zakon.kz", "ҚазТАГ", "Информбюро", "Ratel", "Время" және т.б. БАҚ-тың 200-ге жуық ресми және бейресми сұрауларына жауап берді.  

Журналистика күніне орай "Үздік интернет-жарияланым", "Үздік баспа жарияланымы", "Үздік телевизиялық жұмыс" номинациялары бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы тақырыпқа арналған конкурс ұйымдастырылды.

«Қазақпарат» АА, «Zakon.kz», «Kazpravda.kz» интернет-басылымдарының,  өңірлік «Маңғыстау», «Bilim ainasy», «Наша газета» газеттерінің, «Astana TV», «Almaty TV», «Хабар 24» телеарналарының журналистері жеңімпаз атанды.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомство өзара іс-қимыл мен ынтымақтастық үшін қолайлы алаңдар жасай отырып, өз жұмысына азаматтық қатысуды кеңейтеді. Оның бірі – еліміздің барлық өңірінде жұмыс істейтін "Antikor ortalygy" сервистік орталықтары болды.

Олар ашылған сәттен бастап 3000-нан астам түрлі іс-шаралар, кездесулер, тұсаукесерлер, брифингтер және т.б. өткізілді, олардың аясында мыңдаған қазақстандықтар өз проблемаларын айтып, мамандардың жауаптарын алды.

Агенттік жұмыстың заманауи технологиялық форматтарын азаматтарды қабылдау секілді дәстүрлі форматпен сәтті үйлестіреді. Олар күрделі және ерекше жағдайлардың мәнін тереңірек түсінуге, дұрыс шешім қабылдауға мүмкіндік береді. Аумақтық департаменттердің бірінші басшылары өткен жылы "Antikor ortalygy" - да 600-ден астам азаматты қабылдады.

Осы мақсатта Агенттіктің сайтында «сұрақ-жауап» арнайы сервисі жұмыс істейді, онда әрбір сұрау өңделіп, тиісті деңгейде ден қойылады.

Кері байланыстың тағы бір пәрменді тетігі – «Ашық диалог» электрондық үкімет порталы. Осы платформада Агенттік ай сайын интернет-конференция өткізді.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күреске жұртшылық өкілдері мен сарапшыларды тарту жөніндегі міндетті табысты шешетін "Adaldyq alańy", "Protecting Business and Investments", "Adal komek", "Ашық бюджет" сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жобаларының және арнайы мониторинг топтары мен ақпараттық-ағарту штабтарының жұмысын атап өткен жөн.

Айгүл Соловьева, Айман Умарова, Рахим Ошақбаев, Зәуреш Батталова және т. б. қоғам қайраткерлерінің сыбайлас жемқорлыққа қарсы түрлі жобаларды ілгерілетуде ерекше белсенді екенін атап өткен жөн.

Жалпы, Агенттіктің сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл саласындағы азаматтық бастамаларды талқылауға және іске асыруға әрқашан дайын екенін атап өтемін.

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив