АЙМАҚТАҒЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ОНЫҢ САПАСЫ

АЙМАҚТАҒЫ ЖОЛ ҚҰРЫЛЫСЫ МЕН ОНЫҢ САПАСЫ

2020 жылы облыстық және аудандық маңызы бар жолдарды, сондай-ақ көше-жол желілерін жөндеуге барлық көздерден 40,7 млрд. теңге бөлінді.

Бұл туралы «ANTIKOR LIVE» жобасы аясында «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің ұйымдастыруымен өткен тікелей эфирде «Шығыс Қазақстан облысының жолаушы көлігі және автомобиль жолдары басқармасы» ММ басшысы Нұржан Жұмаділов айтты.

 Оның айтуынша, жергілікті маңызы бар жолдарды жөндеуге және күтіп ұстауға – 11,8 млрд. теңге, оның ішінде 50/50 паритеттік қаржыландыру шеңберінде 7,3 млрд. теңге және күтіп ұстауға - 4,5 млрд. теңге (облыстық маңызы бар жолдар - 4 млрд. теңге, аудандық маңызы бар жолдар - 0,5 млрд. теңге), көше-жол желісін жөндеуге және күтіп ұстауға – 11,1 млрд. теңге, «Ауыл ел бесігі» арнайы бағдарламасы шеңберінде көшелерді жөндеуге - 1,7 млрд. теңге, жұмыспен қамту жол картасы шеңберінде жолдар мен көшелерді жөндеуге - 16,1 млрд.теңге бөлінген.

«50/50 паритеттік қаржыландыру аясында жалпы пайдаланудағы 283 шақырым жол, оның ішінде 160 шақырым – облыстық маңызы бар, 123 шақырым – аудандық маңызы бар жолдар орташа жөндеумен қамтылды. Көшелерді жөндеумен 45,2 шақырым қамтылды, 11,1 млрд. теңге бөлінді, оның ішінде: Өскемен қаласы Есенберлин даңғылы бойынша 4,6 шақырым инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылым салу - 4,7 млрд. теңге;

- 3,4 млрд. теңгеге 7,6 шақырым көшелерді қайта жаңарту:

1) 1,2 млрд. теңгеге Өскемен қ. Лопатино аралының ауданындағы Ертіс өзені арқылы өтетін көпірден басталатын жол (2,6 шақырым);

2) 2 млрд. теңгеге Меновной ауылынан Ахмер ауылына дейінгі Өскемен -Семей жолы (2,5 шақырым);

3) 300 млн. теңгеге Семей қаласындағы Джангелдин көшесі (2,5 шақырым).

- Өскемен және Семей қалаларында, Аягөз, Зайсан, Шемонаиха аудандарында 3 млрд.теңгеге 33 шақырым көшелерді орташа жөндеу.

«Ауыл ел бесігі» бағдарламасы шеңберінде Аягөз, Бородулиха, Жарма, Зайсан, Күршім, Катон-Қарағай, Тарбағатай және Үржар аудандарының елді мекендерінде 1,7 млрд.теңгеге (РБ-1,5 млрд. теңге, ЖБ – 169 млн. теңге) 90 шақырым көше – жол желісі жөнделді. Жұмыспен қамту жол картасы аясында жалпы сомасы 16,1 млрд. теңгеге 247 шақырым жол мен көше жөндеумен қамтылды, оның ішінде: жол-жөндеу жұмыстары аяқталғаннан кейін жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар жолдардың үлесі 85% - ға дейін жеткізілді», - деп атап өтті Нұржан Жұмаділов.

Жобалық кеңсе жетекшісі Маржан Бахыт мемлекеттік бағдарлама аясында іске асырылып жатқан жобалардың барлығы «Шығыс – Адалдық алаңы» жобасы аясында қоғамдық бақылауда болатынын атап өтті.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив