Пенитенциарлық жүйе мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау туралы

Пенитенциарлық жүйе мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау туралы

Бас прокуратура ел басшылығының тапсырмаларын орындау шеңберінде бас бостандығынан айыру орындарындағы заңдылықтың жай-күйін қадағалау жөніндегі жұмыстың қорытындысын шығарды.

Мәселен, пенитенциарлық жүйені жаңғырту және реформалау жөніндегі бастаманың нәтижесінде 2012 жылдан бастап сотталғандар саны 2 есеге қысқарды және халықаралық рейтингте Қазақстан 100 мың тұрғынға шаққанда 157 сотталған индексі бар 223 мемлекеттің ішінен 35-тен 100-орынға дейін көтерілді.

Халықаралық стандарттарға сәйкес келмейтін 14 мекеме жабылды. Жасақтық-барактықтан камера бойынша ұстауға көшу жүзеге асырылуда. Қазірдің өзінде 4 мың сотталған жазасын өтеп жатқан осындай 9 мекеме жұмыс істейді.

Ұлттық заңнамаға шет елдердің озық тәжірибесі енгізілді. Сотталғандарды медициналық қамтамасыз етуді кезең-кезеңімен жергілікті денсаулық сақтау органдарына беру мәселесі шешілді, бұл олардың денсаулығын сақтау сапасына оң әсер етеді.

Мекеме басшыларының қамаудағылардың құқықтарын шектейтін барлық шешімдерді тексеру үшін прокурорға жолдау міндеті заң жүзінде бекітілді.

Азаптауларға қарсы іс-қимыл мәселелеріне жеке көңіл бөлінеді, олар туралы хабарламалар саны 3 есеге азайды.

Колонияларда сотталғандарға прокуратураға және мемлекеттік органдарға электрондық форматта өтініш жолдауға мүмкіндік беретін 121 терминал орнатылған. 2024 жылға дейін тағы 608 терминал орнату жоспарлануда.

Бұл шаралар мекеме әкімшілігінің қамаудағылардың өтініштерін жасыруын болдырмайды.

Сыбайлас жемқорлық тәуекелдерін азайтатын биометриялық деректер бойынша тіркеу арқылы пробациялық бақылауда тұрған адамдарды есепке алудың жаңа нысандары енгізілуде.

Үкімдерді қайта қарау арқылы 349 сотталған бас бостандығынан айыру орындарынан, 71 – қоғамнан оқшаулауға байланысты емес жазалардан босатылды, қалғандарына мерзімдер қысқартылды.

Мекеме басшыларының тәртіптік тәжірибесін күнделікті қадағалау заңсыз жаза қолдану туралы қаулылардың санын 3 есеге, яғни 222-ден 70-ке дейін азайтты.

Бұл жұмыс туралы толығырақ ақпарат Бас прокуратураның пенитенциарлық жүйе мекемелеріндегі заңдылықты қадағалау басқармасының бастығы А. Ж. Ілиястың YouTube платформасында берген сұхбатында көрсетілген (https://www.youtube.com/watch?v=JDCdKmWTIP0). 

ҚР Бас прокуратурасының баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив