Жамбыл облысы ПД бастығы өткен жылды қорытындылады

Жамбыл облысы ПД бастығы өткен жылды қорытындылады

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы өткен жылды қорытындылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жамбыл облысы Полиция департаментінің бастығы Жанат Сүлейменов өзінің «Facebook» парақшасында 2020 жылдың қорытындыларын жариялады. Полиция генерал-майоры облыста қылмыстың азайғанын көрсетіп, жамбылдық полицейлердің қиын жағдайда қызмет атқарғанын атап өтті. Сондай-ақ ол жергілікті тұрғындарға да алғысын жеткізді.

– Өткен 2020 жыл полиция қызметкерлерінің жұмысына өз әсерін тигізбей қоймағаны анық. Жұмыс барысы одан бетер шиеленісе түсті. Негізгі қызметтік міндеттерін орындаудан басқа, полиция қызметкерлері тұрғындардың карантиндік шектеулерді сақтауын қадағалап, медициналық қызметтерге жан-жақты көмек көрсете білді.

Барлық қиындықтарға қарамастан, Жамбыл облысы Полиция департаментімен 2020 жылдың 12 айының қорытындысы бойынша өңірде қылмыстың айтарлықтай төмендеуіне қол жеткізілді. Қабылданған шаралар қылмыс деңгейін 30 пайызға төмендетті. Аса ауыр қылмыстар саны 23,1%-ға, зорлау оқиғалары 22%-ға азайды. Аса ауыр қылмыстардың ашылуы 93,1% – ды құрады.

Кешенді іс-шаралардың нәтижесінде пәтер ұрлықтарының саны 40,8%-ға, қалта ұрлығы 58,4%-ға, ұялы телефон ұрлығы 48,6%-ға және мал ұрлығы 23,6%-ға төмендеді.

Сондай-ақ, тонау қылмыстары 22,6%-ға, қарақшылық 17,6%, автокөлікті айдап әкету 20%-ға, бұзақылық – 31,9%-ға және қорқытып алу деректері 42,9%-ға азайды.

Қоғамдық орындарда жасалған қылмыстық құқық бұзушылықтардың 35,2%-ға төмендегенін атап өткім келеді. Сонымен қатар, қару қолданумен жасалған қылмыстар 40%-ға және масаң күйде жасалған қылмыстар 25,4%-ға азайған.

Бір жыл ішінде 815 есірткі қылмысы анықталды. Заңсыз айналымнан 3 тонна 278 кг әртүрлі есірткі құралдары тәркіленді. Тұрғындарға синтетикалық есірткі заттарын таратумен айналысатын 58 интернет-сайт бұғатталды. Қала көшелерінде 998 граффити жазбалары жойылды, бұл тұрғыда қылмыстың алдын алуда полициямен жыл бойы бірлесе жұмыс жасаған облысымыздағы белсенді азаматтар мен волонтерлердің еңбегін ерекше атап өткен жөн.

Полиция департаменті қызметінің маңызды бағыттарының бірі жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету болып қала береді. Есепті кезеңде облыстың автожолдарындағы жол-көлік оқиғаларының саны 23%-ға төмендеді.

Департамент қызметінің барлық жекелеген бағыттары бойынша оң динамика тиісті материалдық-техникалық қамтамасыз етусіз мүмкін болмас еді. Өткен жылы автокөліктер, бейнетіркегіштер, жеке қорғану құралдары сатып алынды.

Жалпы, полиция қызметінің тиімділігіне азаматтардың қоғамдық тәртіпті сақтауға атсалысуы, олардың құқық қорғау органдарына көмек көрсетуі аса маңызды рөл атқарады.

Өңір тұрғындарының қылмыстылық деңгейін төмендету барысында қол ұшын беріп, азаматтық ұстаным танытуы жедел-жағдайдың тұрақтылығына өз үлесін қосуда. Алдағы уақытта да xалықпен бірге күш сала отырып, сындарлы сәтте қиындықты бірге еңсеретінімізге сенім мол.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

2 пікір

  1. аватар
    Sylvia 26 августа 2023 22:58

    Hi there! I just would like to give you a big thumbs up for your great info you have got
    right here on this post. I am returning to
    your website for more soon.

    Take a look at my homepage Mike

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив