СҚО-да парақорларға 70 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

СҚО-да парақорларға 70 млн теңгеге жуық айыппұл салынды

Солтүстік Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ернар Баянғазин онлайн брифинг барысында өңірдегі сыбайлас жемқорлыққа және парақорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі істердің жай-күйі туралы хабарлады.

Спикер пара беру және парақорлыққа делдал болу, сондай-ақ кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласу үшін жауапкершілікті күшейтуге қабылданған нормаларға ерекше назар аударды.

«Солтүстік Қазақстан облысында 2020 жылы сыбайлас жемқорлық қылмыстары үшін 17 адам сотталды, оның ішінде 96 млн. теңге сомасына 12 адам айыппұлға сотталды. Оның ішінде 82,2 млн. теңге сомасына 7 адам пара алғаны үшін, 9,7 млн. теңге сомасына 2 адам пара бергені үшін. Ал, 2019 жылы пара алғаны үшін 32 млн теңгеге 6 адам, бергені үшін 59 млн теңгеден астам сомаға 19 адам, делдалдық үшін 250 мың теңгеге 1 адамға айыппұл салынды. Яғни, егер бірнеше еселенген айыппұл түрін алатын болсақ, онда пара берушілер мен делдалдар жиынтығында 2 жыл ішінде бюджетке 70 млн. теңге төлеуге үкім шығарылды», - деп мәлімдеді Ернар Баянғазин.

Егер бұрын Қылмыстық кодекстің 367-бабының 2-бөлігінде көзделген «Айтарлықтай мөлшерде пара беру» қылмысы үшін ең жоғары санкция 5 жылға дейін бас бостандығынан айыруды құраса тиісінше, бұл әрекет орташа ауыр қылмыс деп танылды. Ал қазіргі жаңа редакцияға сәйкес, жазаның жоғарғы шегі 7 жылға дейін ұлғайтылды, бұл автоматты түрде ауыр құқықтық салдары бар санатқа – яғни шартты түрде мерзімінен бұрын босатуға тыйым салу және қауіпсіздігі төмен қоныс-колониясында жазаны бірден өтеудің мүмкін еместігі көзделген.

Бас бостандығынан айыру мерзімдерін ұлғайтудан басқа, пара бергені және парақорлыққа делдал болғаны үшін бірнеше еселенген айыппұл мөлшері де өсті.

«Енді пара берушілер үшін 50 АЕК-ке дейін айыппұлдың ең төменгі мөлшері параның 10 еселенген мөлшерінен 20 еселенген мөлшеріне дейін екі есе ұлғайтылды», - деді Ернар Баянғазин.

Мемлекеттік құрылымдардың кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласқаны үшін жазаның қатаңдатылуы да атап өтілді.

Спикердің айтуынша, құқық қорғау органдарының қызметкерлері бизнеске заңсыз араласса екі жылдың орнына бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Құқық қорғау органдары басшылығының және судьялардың осындай әрекеттерді жасауы одан да қатаң жазаға, яғни 8 жылға дейін бас бостандығынан айыруға әкеп соғады.

Жалпы, өңірде «Бизнес пен инвестицияларды қорғау» жобасы аясында 11 жергілікті және шетелдік инвесторлармен жалпы инвестиция сомасы 36,472 млрд. теңгеге келісім жасалды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив