2020 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

2020 жылғы 30 желтоқсанда Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпарат мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Енгізілген толықтырулар қатарында бірыңғай мемлекеттік ақпарат саясаты аясындағы заңнамалық тетіктермен реттелетін мемлекеттік ақпараттық тапсырыстарды жүзеге асырудың жаңа ережелері бар. Бұл өзгеріс – республикалық және өңірлік деңгейлерде бірыңғай тақырыптық бағыттарды айқындауды көздейді.
Бұдан өзге, Заң ақпаратқа қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша бірқатар өзгерістерді қамтып отыр. Атап айтқанда:
- ақпаратқа қол жеткізу саласында уәкілетті мемлекеттік орган мен оның құзыретін айқындау;
- барлық мемлекеттік органдарда ақпаратқа қол жеткізу мәселесіне жауапты арнайы құрылымдық бөлімдер ашу немесе жауапты қызметкерді белгілеу;
- ақпаратқа қол жеткізу саласындағы ахуал туралы Мемлекет басшысына жыл сайын ақпараттық есеп енгізіп отыру;
- орталық және жергілікті атқарушы органдардың функцияларын орындаушыларды ақпарат иелері қатарына жатқызу;
- толық мемлекеттік орган болып саналмайтын мемлекеттік мекемелер мен квази мемлекеттік сектордағы ұйымдарды да ашық деректерді жариялауға міндеттеу;
- ақпарат иесі саналатын ұйымдардың интернет ресурстарына орналастырылатын мәліметтер тізімін нақтылау және кеңейту.
Аталған өзгерістер мемлекеттік органдар, квази мемлекеттік сектор мен ақпарат иелері санатына жататын басқа да ұйымдар қызметінің ашықтығын қамтамасыз етіп, «Ақпаратқа қол жеткізу туралы» ҚР Заңының талаптарын нәтижелі орындауға және «Еститін мемлекет» тұжырымын тиімді іске асыруға зор ықпал ететін болады.
-

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

1 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив