СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде белсенді қоғам өкілдеріне құрмет көрсетілді

СҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінде белсенді қоғам өкілдеріне құрмет көрсетілді

Іс-шара Халықаралық сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес күніне және алғаш рет онлайн-форматта ұйымдастырылған «Парасаттылыққа апаратын сара жол: айқындылықты, есептілікті және қоғамдық қатысуды арттыру» атты кезекті VI халықаралық конференциясына орай өтті.

Конференцияны ашқан Алик Шпекбаев Қазақстанның жемқорлыққа қарсы саясаты озық халықаралық стандарттар негізінде жетілдіруді жалғастырып келе жатқанын атап өтті. «Біз саяси жаңғыруға басымдық беру арқылы кешенді тәсілдің маңыздылығын түсіне отырып, жемқорлыққа қарсы реформалар жүргізудеміз», - деді Антикор төрағасы.

Сондай-ақ, Моңғолия мен Өзбекстанның сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомстволарының бірінші басшылары Д. Зандраа мен А.Бурханов, ҚХР Мемлекеттік қадағалау комиссиясы басшысының орынбасары Лю Си өз сөздерінде әсіресе, бүкіл әлемде мемлекеттік институттарға сенім төмендеген пандемия кезінде жемқорлыққа қарсы пәрменді күрестің стратегиялық маңыздылығын атап өтті.

Конференция жұмысы барысында Солтүстік Қазақстан облысы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің «Antikor ortalyǵy» сервистік орталығында жемқорлыққа қарсы іс-қимылда айтарлықтай үлес қосқан, жобалық және мониторингтік топтардың, ҮЕҰ мен бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерін грамоталар және алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті.

Аумақтық ведомство басшысы Ернар Баянғазин барлық заңнамалық бастамалар Елбасы мен Президенттің Қазақстандағы сыбайлас жемқорлықты жоюға бағытталған жүйелі және ойластырылған саясатын іске асыру болып табылатынын жеткізді.

Сонымен қатар, Ернар Баянғазин қазіргі уақытта сыбайлас жемқорлықтың алдын алу тұрғысынан қоғам өкілдеріне жауапкершілік жүгі біршама артқанын атап өтті. Ол үшін ведомство жанынан сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі ақпараттық-ағартушылық штаб, офицерлер кеңесі құрылды және арнайы мониторингтік топтар жұмыс істейді.

VI сыбайлас жемқорлыққа қарсы конференцияның жұмысы шеңберінде қатысушылар сыбайлас жемқорлыққа қарсы бастамалардың тиімділігін бағалау әдістерін ашықтық пен қоғамдық бақылауды қамтамасыз ету тетіктерін, сыбайлас жемқорлық қылмыстар үшін жауапкершілікке тарту тәжірибесін, сондай-ақ жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың цифрлық құралдарын талқылады.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив