Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмысты әлсіз жүргізген басшылар тәртіптік жауапкершілікке тартылады

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері бойынша жұмысты әлсіз жүргізген басшылар тәртіптік жауапкершілікке тартылады

қоластындағыларымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасаудың алдын алу бойынша жұмысты бірінші басшылардың орындамағаны немесе тиісінше орындамағаны үшін тәртіптік жауапкершілігі қарастырылғандығы туралы Antikor.live тікелей эфирінде СҚО бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаментінің басшысы Ернар Баянғазин еске салды.

Іс-шараға облыс аудандарының әкімдері, аппарат басшылары және ЖАО басшылары қатысты.

2019 жылғы желтоқсаннан бастап мемлекеттік саяси қызметшілердің отставкаға шығуы және қарамағындағы қызметкерлердің сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық жасағаны үшін мемлекеттік органдар басшыларының тәртіптік жауаптылығы туралы заңнамалық норма күшіне енді.

«Осы норманы іске асыру басталғаннан бері өңірде алты басшы жауапкершілікке тартылды. Бұдан басқа, ҚР Заңында бірінші басшылардың алдын алу жұмыстарының әлсіздігі үшін тәртіптік жауапкершілігі көзделген. Республика бойынша 32 басшы тәртіптік жауапкершілікке тартылды», - деді Ернар Баянғаизин.

СҚО бойынша осы бап бойынша тәртіптік жауапкершілікке тартылған адамдар жоқ.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы ведомствода атап өткендей, 2021 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша мемлекеттік органдарда жүргізіліп жатқан алдын алу жұмыстарын қарастырылып, бағаланатын болады.

«Бұл үшін әркім Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі өз жоспарын бекітуі және оны Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметпен келісуі тиіс. Адамдар шенеунікті немесе қандай да бір басшыны жауапкершілікке тартқанын көріп қана қоймай, мемлекеттік орган жұмысының жақсарғанын сезінуі тиіс, бұл оқиғалардың қайталануын болдырмайды»,-деп атап өтті басшы.

Сонымен қатар, бірінші басшыларға сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамалық бастамалардың үш топтамасы жеткізілді.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив