Қайырымдылыққа арналған жоба аясында 2 млн. астам адам қамтылды

Қайырымдылыққа арналған жоба аясында 2 млн. астам адам қамтылды

Бүгін «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» әлеуметтік жобасының нәтижелерін қалың бұқараға ұсыну бойынша қорытынды баспасөз-конференциясы өтті.

Бұл жоба 2020 жылдың шілде айынан Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылды.

Алғыс сөзден кейін, Арнау» даму орталығының жетекшісі Ұлан Әбішев, жоба мақсаттарына – Қазақстанда қайырымдылық үдерістерін жүйелілеу және стандарттау, адамдарды игі істер жасауға талпындыру, мұқтаж адамдарға бірлесе көмектесу, сонымен бірге, жастар мен қоғам арасында қайырымдылық мәдениетін арттыру – тоқталып өтті.

Сонымен қатар, жоба басшысы тыңдаушылар назарын алты ай ішінде жүзеге асырылылған іс-шараларға аударып, оның басты көрсеткіштеріне тоқталып өтті:

Екі тілді «Amal2020.kz» сайты және «Amal» мобильдік қосымшасы жасалынды. Онда жоба бойынша барлық өзекті ақпарат, қайырымдылық ұйымдарының мәліметтер базасы жарияланып, барлық қалаушыларға көмек сұрау немесе ұсыну формасы орналастырылды.

Қайырымдылықпен және оның қоғамдағы тұрпаты, жақсылық туралы балалар ойы, әлеуметтік эксперимент және қазақтың көне дәстүрі «Асармен» байланысты 10 бейнеролик әзірленіп, әлеуметтік желілердегі жобаның ресми парақшаларында көрсетілді.

Жастар арасында «Жақсылық жаса» креативтік идеялар бәсекесі еліміздің жетекші университеттерінің дебаттық топтарының арасында өткізілді. Жастар қайырымдылық туралы өз идеяларымен, оның артықшылықтары мен даму механизмдерімен бөлісті.

Әлеуметтік желілердегі жобаның ресми парақшаларында қайырымдылық істерін жүзеге асыратын белгілі медиа тұлғалар қатысуымен тікелей эфирлер топтамасы жүргізілді. Олар өздерінің қайырымдылық шараларын жүзеге асыру және меценаттық идеялары дамыту тәжірибелерімен, сонымен бірге, жастар мен балалар арасында оны насихаттау тәсілдерімен бөлісті.

Еліміздің 20 жетекші университеттерінің 600 астам студенттер үшін қайырымдылық туралы лекциялар ұйымдастырылды. Лекторларды қатарында белгілі экономист Олжас Хұдайбергенов, «Бас редакторлар клубы» ҚБ президенті Бибігүл Жексенбай, «Болашақ» корпоративтік фондының директоры Азамат Божақов, Шымкент қаласында Ұлттық волонтерлік желінің өкілеті Данара Саранова және Қазақстан мен АҚШ арасында қарым-қатынасын дамыту бойынша сауда кеңесінің президенті Дэвид Валера және басқалары.

«Жақсылық жаса» челленджі аясында «Кішкентай сиқыршылар» суреттер байқауы өткізілді. 5 және 12 жас аралығындағы балалар өздерінің суреттерін Instagram әлеуметтік желісінде жарияланды. Осылай, олар қайырымдылық туралы өзінің ойымен бөлісті.

Байқау аудитория арасында кең таралып, балалар мен олардың ата-аналары белсенділік танытты. Барлығы байқауға 80-нен астам сурет қатысып, оның жеңімпазы Тараз қаласынан Сафина Каримова болды.

БАҚ және әлеуметтік желілер мен БАҚ-нда кең ақпараттық кампаниялар жүзеге асырылды. Күнделікті әлеуметтік желілерде посттар мен материалдар жарияланып, барлығы жоба туралы БАҚ-нда 700-ден астам материал жарық көрді.

Қазақстан аАзаматтық Альянсының вице-президенті Гамал Түзелбаев өз сөзі барысында жобаның әлеуметтік маңыздылығына тоқталып, болашақта қайырымдылықты жүзеге асыруда қоғамның атсалысуына көңіл бөлді. Спикер қайырымдылық мектебінің іске қосылып, студенттерге қайырымдылық туралы 10 тренингтер өткізілгеніне тоқталды. Қатысушылардың тірі қызығушылығы да назарға алынды.

Өз кезегінде Нұр-Сұлтан қаласы бойынша «Рухани жаңғыру» жобалық кеңсесінің директоры Ақерке Жұманбаева «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясындағы қайырымдылық бағыттарына аса көңіл бөліп, олардың қоғамдық сананың модернизациялануымен қалайша үйлесетіндігін айтып өтті. Сонымен қатар, басты назар жақындарға көмектесу қажеттілігінде болды, себебі, тек осылай ғана қоғам бірлестігі пайда болады делінді.

Еске сала кетейік, «Жастар мен балалар арасында қайырымдылықты дәріптеу» әлеуметтік жобасы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен «Азаматтық бастамаларды қолдау орталығы» КЕАҚ гранты аясында жүзеге асырылады. 

"Арнау"даму орталығы қоғамдық бірлестігінің  баспасөз қызметі

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

3 пікір

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив