ШҚО-да бюджет қаражатының жұмсалуы қоғамдық бақылауда

ШҚО-да бюджет қаражатының жұмсалуы қоғамдық бақылауда

Мемлекет басшысы өзінің Қазақстан халқына Жолдауында жергілікті бюджеттерді бекіту және оңтайлы жұмсау барысына бақылауды күшейту қажеттігін атап өтті. Осылайша, азаматтардың белсенді қатысуын қамтамасыз ету арқылы мемлекеттік бақылаудың баламасы ретінде қоғамдық бақылау институтын енгізу міндеті айқындалды.

Осыған байланысты, ҚР Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Агенттігі «TALAP» қолданбалы зерттеулер орталығымен, Нидерланды Корольдігінің Елшілігімен және Қазақстандағы парламентаризмді дамыту қорымен бірлесіп, бұдан бұрын іске қосылған «Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» негізінде «Ашық бюджет» жобасы басталды.

«Бүгінгі күні Шығыс Қазақстан облысының ашық бюджеттерінің интерактивті картасына 850,4 млрд.теңге сомасына 3899 бюджет жарияланды. Бюджетін жариялаған ұйымдардың саны - 1596» - дейді, ШҚО Сыбайлас Жемқорлыққа қарсы іс-қимыл Департмаменті басшысының бірінші орынбасары Жігер Байділдин.

Жобаның миссиясы бюджетті қалыптастыру мен жұмсауға азаматтардың хабардарлығын арттыру арқылы мемлекеттік басқаруда азаматтық қоғамға қатысуға, сондай-ақ өз қаржыларын сауатты бөлуге жәрдемдесу болып табылады.

Сонымен қатар, бюджет қаражатының жұмсалуына мониторинг ұйымдастыру үшін ШҚО Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің қызметкерлері және «Шығыс - Адалдық алаңы» жобалық кеңсе өкілдері тарапынан жауапты тұлғалар мониторинг жұмыстарын жүргізу үстінде.

«Ашық бюджеттердің интерактивті картасы» (https://publicbudget.kz/ru ) - бұл Қазақстан Республикасының мемлекеттік ұйымдары бюджеттерінің атқарылуын жариялауға, сондай-ақ азаматтардан өтініштер қабылдауға және өңдеуге арналған алаң болғандықтан қоғам мүшелерімен қадағалануы тиіс.

Бүгінгі күні Департаменттің бастамасымен облыс әкімдігінің Қаржы басқармасы барлық мемлекеттік органдарда интерактивті картамен жұмыс істеуге және «Ашық бюджет» жобасына жауапты тұлғаларды тағайындады.

Картада көрсетілген ақпаратқа сәйкес жергілікті атқарушы органдар және оларға бағынысты ұйымдардың барлығы интерактивті карта жүйесінің деректер базасында тіркелген.

Аталған жобаны бұдан әрі жетілдіру, онымен әрі қарай жұмыстың орындалуын бақылау жүргізу бүгінгі күні Департаменттің қадағалауында.

 

 

 

 

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив