ШҚО Әділет департаментінің басшысы «ANTIKOR.LIVE» жобасына қатысты

ШҚО Әділет департаментінің басшысы «ANTIKOR.LIVE» жобасына қатысты

Ағымдағы жылдың 19 қарашасында Шығыс Қазақстан облыстық аймақтық Әділет департаментінің басшысы Н.Андасов  «ANTIKOR.LIVE» жобасына қатысты. 

Тікелей эфир барысында Нұрғали Есіркепұлы Департаменттің Шығыс Қазақстан обылысы аумағында Департаменттің қызметі мен атқарушылық іс жүргізу, құқықтық түсіндіру және халыққа заңгерлік көмек көрсету саласындағы жұмыстардың нәтижелерін баяндады.

«Шығыс - Адалдық Алаңы» жобасы аясында 22 азамат мәселелі сұрақтарымен келіп, қанағаттанарлық жауап алып, мәселелерінің оң шешілгеніне ризашылық білдірген. Атап айтсақ, сұрақтардың көбі жеке сот орындаушылардың қызметі бойынша, жылжымайтын мүлікті тіркеу  және әлеуметтік сұрақтар. Қазіргі таңда Шығыс Қазақстан облысында нотариустардың жалпы саны-284. Облыс бойынша -1 нотариаттық палата жұмыс істейді. Жекеше нотариустар жасаған нотариаттық іс – әрекеттер саны- 416 692. Бір нотариусқа орташа айлық жүктеме – 45614 нотариаттық іс-әрекеттен келеді.

Сондай ақ, облыс бойынша жеке сот орындаушыларының саны-116. Өскемен қаласында - 66, Семей қаласында- 29 және аудандарда-21.

3 жеке сот орындаушысының қызметін жүзеге асыру құқығына мемлекеттік лицензияның қолданылуы тоқтатылса,  14 - жеке сот орындаушының лицензияның қолданысы уақытша тоқтатылған. Адвокаттық қызмет бойынша жалпы саны – 444 адвокат, 1 аумақтық адвокаттар алқасы, 4 адвокаттық кеңсе   жұмыс істейді.

Есептік кезеңде лицензиялары қолданысы тоқтатылған адвокаттар - 1, қылмыстық істер қозғалған жоқ.

Құқықтық түсіндіру жұмыстары бойынша Ұлт Көшбасшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауын және Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың ағымдағы жылғы 2 қыркүйектегі Қазақстан халқына Жолдауын іске асыруда.

Есепті кезеңде Әділет департаментімен барлығы 4946 мемлекеттік қызмет  көрсетілді, оның ішінде жеке тұлғаларға 4164, заңды тұлғаларға 782 қызмет көрсетілген. Есепті мерзімде мемлекеттік қызмет көрсету мерзімінің бұзылу фактілері, шағымдар болған жоқ.

Әділет департаменті азаматтарға әр қашанда ашық екенін және қала мен облыс тұрғындары әділет органдарының қызметіне қатысты мәселелер бойынша онлайн кеңес алу үшін R.nursadykova@adilet.gov.kz электронды адресіарқылы немесе 8-72-32-56-98-61 номері арқылы күнделікті хабарласуға мүмкіндіктері бар екені атап өтілді.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив