7 жасар қыз анасын ұрып-соғудан құтқару үшін Нұр-Сұлтан полициясына қоңырау шалды.

7 жасар қыз анасын ұрып-соғудан құтқару үшін Нұр-Сұлтан полициясына қоңырау шалды.

7 жасар қыз әкесінің анасын ұрып-соғып жатқаны туралы полицияның «102» пультіне қоңырау шалды. Дереу шақыруға учаскелік полиция инспекторы келді. Тексеру барысында отбасының 43 жастағы отағасы  алкоголь ішіп, тұрмыстық негізде отбасылық жанжал тудырып, әйелін ұра бастағаны анықталды. Қорқып қалған қыз полицейлерді шақырды.

Отбасылық жанжалшы  сонымен қатар, аңшылық қарудың иесі болып табылады. Қару  тәртіп сақшыларымен тәркіленді.

Аталған факті бойынша  ҚР ӘҚБтК-нің 73-ші бабы бойынша іс қозғалып, Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Мамандырылған ауданаралық әкімшілік сотына жолданды.

Еске сала кетсек,  елордада "Учаске" жедел алдын-алу іс-шарасы жалғасуда. Оның мақсаты - қылмыс пен құқық бұзушылықты алдын-алу бойынша азаматтармен түсіндіру әңгімелерін өткізу болып табылады.

Жедел алдын-алу іс-шарасы басталғалы учаскелік инспекторлар 263 мыңнан астам үйді аралап шықты. ІІО-ның есебінде тұрған 14 мыңға жуық адам тұрғылықты жері бойынша тексерілді. Сонымен қатар, жалға берілетін 2 922 пәтер анықталды. 23 мыңға жуық адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды, оның ішінде 284-тен астам бұзушылық ҚР ӘҚБтК-нің 73-бабы "отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер"бойынша анықталды. ҚР ӘҚБтК-нің 434-бабы бойынша "ұсақ бұзақылық" 383 бұзушылық, ҚР ӘҚБтК-нің 440-бабы бойынша "қоғамдық орында масаң күйде болу" 3 300-ден астам бұзушылық анықталды.

Нұр-Сұлтан қ. ПД баспасөз қызметі

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив