Пробация есебіндегі азаматтарға дәрі-дәрмек таратылды

Пробация есебіндегі азаматтарға дәрі-дәрмек таратылды

Қармақшы аудандық пробация қызметі аудандық жастар ресустық орталығымен, қоғамдық бірлестіктермен, ерікті жастармен бірлесіп, сотталғандарды әлеуметтендіру бағытында жұмыстар атқаруда.

Бұл жолы аудандық пробация қызметі, «Демеу» еріктілер тобымен бірлесіп, пробация есебіндегі бес отбасыға көмек көрсетті. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға тегін дәрі-дәрмек, бетперде және антисептик құралдарын таратты. Бұл дәрілердің арасында ыстықты түсіретін, аурумен күресетін және иммунитетті көтеретін дәрілер де бар.

Шара аясында пробация есебіндегі азаматтарға қауіпті індеттен сақтану жолдары  түсіндіріліп,  азаматтарға адам көп жиналатын жерлерге бармау, медициналық маска тағып, оны ауыстырып отыру қажет екендігіні айтылды.

Бұған дейін де аудандағы ерікті жастардың көмегімен есептегі азаматтарға азық- түлік себеттері мен бетперде таратылған болатын.

Қайырымдылық көмек көрсеткен пробация инспекторлары мен ерікті жастарға риза болған есептегі азаматтар, алғысын айтты.

Жақсыбек Жүнісов

Қармақшы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив