Даулеталин: «Кәсіподақтар коронавирустық инфекциядан зардап шеккен медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдауды жалғастырады»

Даулеталин: «Кәсіподақтар коронавирустық инфекциядан зардап шеккен медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдауды жалғастырады»

COVID-19-дан зардап шеккен медициналық қызметкерлерге кәсіподақтардан әлеуметтік қолдау жалғасуы керек.  Сейсенбі, 3 қарашада, кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктерінің жетекшілерімен болған жедел кездесуде Қазақстан Республикасы кәсіподақтар федерациясының төрағасы Сатыбалды Дәулеталин осылай деді.

         «Пандемия басталғалы бері  Кәсіподақтар федерациясы және оның мүшелік ұйымдары қазақстандықтарға, оның ішінде медицина қызметкерлеріне әлеуметтік қолдау көрсету бойынша ауқымды акцияны бастады. Бұл жұмыс жалғасатын болады», - деп атап өтті ҚРКФ  төрағасы Сатыбалды Дәулеталин.

          Төтенше жағдай режимі енгізіліп, пандемия жарияланған сәттен бастап кәсіподақтардың аумақтық бірлестіктері мен «SENIM» және «QazMed» медицина қызметкерлерінің салалық кәсіподақтары медициналық персоналға жүйелі негізде қолдау көрсету, соның ішінде материалдық көмек көрсету, тамақпен, қорғаныш құралдарымен және арнайы құралдармен қамтамасыз ету бойынша шараларды қолға алды.

           Биылғы жылдың тамыз айында Кәсіподақтар федерациясы коронавирустық инфекцияны жұқтырған медициналық қызметкерлерге кәсіподақ шипажайларында жеңілдетілген негізде оңалту мүмкіндіктерін ұсыну туралы шешім қабылдаған болатын.

         Ақмола облысы аумақтық кәсіподақтар қауымдастығының төрағасы Қали Рахметовтің айтуынша, өңірде санаторлық-курорттық емді  57 медицина қызметкері 50 пайыздық жеңілдікпен, 14 дәрігер тегін қабылдаған.

           Батыс Қазақстан облысы Кәсіподақтар орталығының төрайымы Айгүл Есекенованың сөзінше, бүгінгі таңда «Ақжайық» кәсіподақ санаторийінде 365 медициналық қызметкерге оңалту процедуралары жүргізілді. Қостанай облысының 96 медициналық қызметкері мен елорданың 79 дәрігері де кәсіподақтық шипажайларында жеңілдікпен сауықтырылған.

           Кездесуде атап өтілгендей, кәсіподақтар коронавирустық инфекцияны жұқтырған медициналық қызметкерлердің денсаулығын жақсартуға ғана емес, қайтыс болған медицина қызметкерлерінің отбасыларына да материалдық қолдау көрсетіп жатыр.

           Қарағанды облысы Кәсіподақтар орталығының басшысы Болат Жұмабековтің айтуынша, «SENIM» денсаулық сақтау қызметкерлерінің салалық кәсіподағы» республикалық қоғамдық бірлестігінің Қарағанды облыстық филиалы қайтыс болған медицина қызметкерлерінің екі отбасына 1 миллион теңге көлемінде материалдық көмек көрсетті. COVID-19-дан қайтыс болған қостанайлық дәрігерлердің бес отбасы дәл осындай қолдауға ие болды.

         Қазақстан Республикасы Кәсіподақтар Федерациясы Төрағасының тапсырмасы бойынша кәсіподақ ұйымдары коронавирустық инфекциямен күреске жұмылдырылған медициналық қызметкерлердің денсаулығын жақсарту және әлеуметтік қолдау шараларын жалғастырады.

         Еске салайық, 20 қазанда ҚР Премьер-Министрі Асқар Маминнің тапсырмасы бойынша үкімет жанындағы ведомствоаралық комиссияның кезекті отырысы болып өтті, онда медицина қызметкерлеріне біржолғы әлеуметтік төлемдерді аяқтау туралы шешім қабылданды. Енді дәрігерлер жұмыс кезінде инфекция жұқтырған жағдайда оларға қолдау медициналық ұйымдар немесе кәсіподақ ұйымдары есебінен, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар есебінен көрсетіледі.

ҚР Кәсіподақтар федерациясының медиа орталығы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив