ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН КОМПЬЮТЕРЛЕР ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА

ҚАШЫҚТЫҚТАН ОҚЫТУҒА АРНАЛҒАН КОМПЬЮТЕРЛЕР ҚОҒАМДЫҚ БАҚЫЛАУДА

 

2020 жылғы 8 қазанда Шығыс Қазақстан облысының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет департаменті басшысының бірінші орынбасары Ж. Байділдин, «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі М. Бахыт, Шығыс Қазақстан облысының білім басқармасы басшысының орынбасары Ә. Қаербековамен 2020-2021 оқу жылында оқу процесін ұйымдастыру үшін Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен компьютерлік техниканы сатып алу мәселелері бойынша брифингке қатысты.

Брифинг барысында облыс мектептерінде оқу процесін ұйымдастыру үшін компьютерлік техниканы сатып алудың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз ету мәселелері қаралды.

2020-2021 оқу жылының басында 647 мемлекеттік мектептің 271-і қашықтықтан оқыту форматына көшірілді. Санитарлық талаптарды қатаң сақтай отырып штаттық режимде 373 мектеп білім алуда. Қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру мақсатында биыл Қазақстан Республикасы Үкіметінің резерві есебінен біздің облысымызға 4 млрд 105 млн 381 мың теңге бөлінді.

ҚР Үкіметі резервінің қаражаты есебінен компьютерлік техниканы сатып алу «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің, жергілікті атқарушы органдардың, ата-аналар қоғамдастығының өкілдері, депутаттар, тәуелсіз байқаушылар кірген жұмыс тобының қатысуымен Ашық өткізілді. Бүгінгі күні компьютерлік техниканың кезекті партиясы келді және ол техникалық ерекшелікке сәйкестігі, зақымданудың бар-жоғы тексерілді.

Қазіргі таңда 3754 дана планшет, 880 компьютер толық көлемде беруге дайын. Алдағы уақытта 1879 дана компьютерлердің қалған бөлігін және аптаның соңына дейін ноутбуктердің қалған бөлігін жеткізу жоспарланып отыр.

Бұл үдерістің ашықтығын аймақтық сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл департаменті мен «Шығыс – Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің өкілдері кіретін арнайы жұмыс комиссиясы қадағалайтын болады.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив