Қазақстандық әзірлеушілер мәтінді жаңалықтарды аудиотыңдауға  арналған қолданбаны іске қосты

Қазақстандық әзірлеушілер мәтінді жаңалықтарды аудиотыңдауға арналған қолданбаны іске қосты

 

Қазақстанда мәтінді жаңалықтарды смартфон көмегімен онлайн тыңдауға мүмкіндік беретін қолданба әзірленді. Aiten елдің жетекші жаңалықтар сайттарының мәтіндерін аудиоформатқа көшіреді. 

Aiten сервисі жаңалықтардан құлағдар болуды қалайтын, алайда көлік жүргізу үстінде немесе күнделікті шаруалар кезінде оқуға уақыт арнай алмайтын жандарға арналған. Сонымен қатар, әзірлеменің көру қабілеті төмен адамдарға да көмегі көп.  

Aitu Dala-ның бас директоры Евгений Волков былай дейді:

“Біздің алдымызда өзекті жаңалықтардың агрегаторы болып қана қоймай, сонымен қатар мәтінді оқуға уақыт жұмсамастан жеңіл әрі ыңғайлы түрде ақпарат алуға мүмкіндік беретін қолданба әзірлеу міндеті тұрды. Aiten қазақстандықтарға түрлі ресурстарды өз бетінше шолу қажеттілігінсіз сапалы отандық контентке қолжетімділік алу мүмкіндігін сыйлайды: біз қазірдің өзінде ең басты жаңалықтарды жинап, қабылдауға ыңғайлап дыбыстап қойдық”.

Aiten – отандық әзірлеушілердің қолынан шыққан толыққанды қазақстандық өнім. Aiten қолданбасы Google Play Store-да жүктеуге қолжетімді. Еліміздің басты жаңалықтар ресурстарында жариялануына қарай жаңалықтар топтамасы күн сайын жаңартылып тұрады. 

Aitu-Dala - 2019 жылы құрылған IT-компания. Қызметі Қазақстан және күллі орталық Азия нарығының Интернет-медиа саласына бағдарланған. Компания заманауи цифрлық өнімдер, жасанды интеллект жасаумен айналысады және Big Data-мен жұмыс істейді. Aitu Dala өнімдерінің қатарында Ainews, Aitube, Qalaisyn секілді сервистер бар.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив