Қазнетте ең жиі қаралатын видео Қазақстанда шығарылған веб-сериал болып шықты

Қазнетте ең жиі қаралатын видео Қазақстанда шығарылған веб-сериал болып шықты

 

Қазақстандық Aitube видеохостингі тамыз айын қорытындылады. Нәтижесінде анықталған  рекорд: қазнеттің ең жиі қаралатын видеосы ретінде “Қарапайым Қайрат” веб-сериалының он бірінші эпизоды танылды. Ол небәрі екі апта ішінде миллион қаралым деңгейіне көтерілген. Екінші және үшінші орындар да отандық веб-сериалдар - “Пацанские истории” және “Тақиясыз Перiште” қоржынында.

 Aitube сайтына ай сайынғы келушілер саны 1.7 миллионнан астам көрерменге жетті, бұл да рекордты көрсеткіш. Мұның себебі аудиторияның күн санап Қазақстанда жасалған видеоконтентке ден қоюында жатыр.     

 Видеохостинг иесі Aitu-Dala компаниясының бас директоры Евгений Волковтың айтуынша: “Видео көруге арналған бірде-бір шетелдік сервис Қазақстанды коммерциялық тұрғыдан қарастыруға болатын жеке аймақ ретінде есептемейді. Нәтижесінде отандық контент өндірушілер өз өнімдерін дәл осы қазақстандық аудиторияға ілгерілетуде үлкен кедергілерге кезігеді.  Aitube осы мәселенің шешімін тапты, өйткені видеоны тек қана Қазақстан мен Орта Азия аумағында әрі мемлекеттік тілде алға бастыру үшін арнайы әзірленген”. 

 Aitube — үздік өндірушілердің эксклюзивті контентін, сонымен қатар пайдаланушылардың телевизиялық ойын-сауық және ақпараттық шоулары мен видеоларын қамтитын ұлттық видеохостинг. Aitube әрбір адам өзінің кез келген жанрдағы медиасын жариялай алатын, көрермен болса қазнеттің жаңа жұлдыздарын танып қана қоймай, Қазақстанда өндірілген үздік контентке тегін қолжетімділікке ие болатын ашық алаң болып табылады. Aitube келушілерінің 91%-тен астамы – Қазақстан тұрғындары.

 Aitu-Dala - 2019 жылы құрылған IT-компания. Қызметіміз Қазақстан мен күллі орталық Азия нарығындағы Интернет-медиа саласына бағдарланған. Біз заманауи цифрлық өнімдер жасаймыз, жасанды интеллектті тәжіибеден өткіземіз әрі Big Data-мен жұмысты жетілдіруге баса көңіл бөлеміз. Біздің миссиямыз – халықтың цифрлық ортада тұрақты дамуы үшін медиа-сервистер құру. Компанияның басты өнімдері: Aitube видеохостингі, Ainews жаңалықтар агрегаторы (оның ішінде - Ainews.B2B жаңалықтар ресурстарын ілгерілетуге арналған ұсынымдар виджеті), сонымен қатар сауалнамалар мен бренд-зерттеулерге арналған  Qalaysin сервисі.

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив