Қазақстанда компаниялардың экологиялық саясатын қалыптастыруға және кеңселердің ресурстарын үнемдеуге бағытталған  Екінші республикалық «Жасыл кеңсе» конкурсына қатысуға арналған тренинг

Қазақстанда компаниялардың экологиялық саясатын қалыптастыруға және кеңселердің ресурстарын үнемдеуге бағытталған Екінші республикалық «Жасыл кеңсе» конкурсына қатысуға арналған тренинг

 

9 қыркүйек сағат 15:00 «Жасыл кеңсе» республикалық конкурсына қатысу және «Жасыл кеңсе» қағидаларын енгізу бойынша тренинг өтеді.  

                Тренингте 2019 жылы өткен Бірінші Байқаудың қорытындылары, сондай-ақ «Жасыл кеңсені» іске асыру принциптері және екінші Республикалық байқауға қатысу шарттары ұсынылады.

            «Жасыл экономиканы» қолдау және G-Global-ды дамыту Коалициясы» ЗТБ ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар Министрлігі мен ЕҚЫҰ Нұр-Сұлтандағы бағдарламалар офисінің қолдауымен 10 маусым мен 20 қыркүйек аралығында 10 номинация бойынша Республикалық конкурс өткізуде. Оған мемлекеттік органдардың, білім беру, денсаулық сақтау, сауда құрылымдарының, өнеркәсіптің, халықаралық ұйымдардың, үкіметтік емес ұйымдардың және басқалардың өкілдері он номинация бойынша қатыса алады.

              Конкурсқа қатысу шарттары http://greenoffice-kaz.org/ сайтында және https://www.facebook.com/greenofficekz/  фейсбук желілерінде көрсетілген.

            «Жасыл кеңсе», әдетте, барлық ресурстар үнемделген және қоршаған ортаны қорғауға арналған кеңсе деп аталады.

Конкурс экологиялық өмір салтын, «жасыл» және төмен көміртекті технологияларды насихаттауға, қоғамдық пайдаланудағы ғимараттардың экологиялылығын, жайлылығын және эргономикалығын арттыруға, озық тәжірибені, үздік технологиялық шешімдерді таратуға, экологиялық жауапты ұйымдарды брендтеуге бағытталған.

          Байқаудың нәтижелері 2020 жылдың қазан айында жарияланып, қатысушылар сертификаттарымен, ал жеңімпаздар арнайы сыйлықтармен марапатталады.

 

Баспасөз хатшы: Абдалиева Меруерт

Тел.: +77784560999

e-mail:meruert_1968@mail.ru

«Золотой фазан» - Жасыл экономиканы қолдау және G-Global-ды даму Коалициясы ұйымдастырған жеті жасыл технология орталықтарының бірі. Мұнда келесі технологиялар орнатылған: көкөністер мен шөптерді өсіруге арналған инновациялық жылыжай; Жыл бойына көкөніс өсетін биовегитария жылыжайы; Ақылды жүйе 5 кВт Болотов жел турбинасы; Күн коллекторы; 100 литрге арналған маусымдық күн коллекторы

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив