АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ФОРУМЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ – 2020

АУЫЛ ӘЙЕЛДЕРІНІҢ ФОРУМЫ АТЫРАУ ОБЛЫСЫ – 2020

4 қыркүйек 2020 жыл Өтетін уақыты: 11:00-13:00-де (Нұр-Сұлтан қ. Уақыты бойынша)                     

          Осы айдың 4 қыркүйегінде сағат 11.00-13.00-де Атырау облысы ауыл әйелдерінің форумы – 2020 ZOOM онлайын-алаңында өтеді.

 Форумның ұйымдастырушылары: Халықаралық Coca-Cola қорының қолдауымен «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global дамыту коалициясы» ЗТБ.

Форумның серіктестері: Атырау облысының әкімдігі, «Қазақстан әйелдерінің аграрлық одағы» ЗТБ, G-Global халықаралық хатшылығы.

Форумды ҚР Президенті жанындағы Әйелдер істері  және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссия қолдап отыр.

Бұл республика бойынша жоспарланған 14 форумның үшіншісі. Осы өңірлік форумдардың қорытындысы негізінде қараша айында Ауыл әйелдердің ІІІ республикалық форумы өтеді.

Бағдарлама бойынша форумның модераторы ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, Қазақстан ауыл әйелдері форумының ұйымдастыру комитетінің төрайымы Айсина Майра Арапқызы.

ҚР Президентінің жанындағы Әйелдер істері және отбасылық-демографиялық саясат жөніндегі ұлттық комиссияның төрайымы Лаззат Керимқұлқызы Рамазанова, Атырау облысы әкімінің орынбасары Бақытгүл Қайыржанқызы Хаменова, Coca-Cola компаниясының Орталық Азия мен Кавказдағы үкіметпен және қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Александра Аккирман алғысөз сөйлейді.

Форумда «Әлеуметтік динамика» қоғамдық қорының директоры Елена Анатольевна Ожго мен «Жасыл экономиканы қолдау мен G-Global-ды дамыту коалициясы» ЗТБ атқарушы директоры Асхат Мұратұлы Сүлейменов «Ауыл әйелдері кәсіпкерлігін қолдаудағы әлеуметтік жобалар заман қиындықтарына жауап береді: «Coca-Cola Belesteri», «Business Team», «Ауыл Onimi», «Жеке қосалқы шараушылық» интернет-мектебі тақырыбына баяндама жасайды.

         «Асқар шыңдарға ту тіккен ауыл әйелдері» жетістігінің шеруі форумының дәстүрлі ерекшелігіне айналып келеді. Бұл бөлімде Індер ауданының жеке кәсіпкері Сабырғалиева Ақжібек Керімбайқызы; «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ Атырау  филиалының директоры Шалағұлова Гүлзада Айтжанқызы; Құрманғазы ауданы, “Сандуғаш” шаруа қожалығының басшысы Жармұхамбетова Сандуғаш Қадірбайқызы; Махамбет ауданынан жеке кәсіпкер, көп балалы ана Мұқанова Анаргүл Бақтығалиқызы; «Айкөркем»  шаруа қожалығы  жетекшісінің  орынбасары Кусесова Назерке Берікқалиқызы; Жылыой ауданының жеке кәсіпкері, наубайханашы Изтелеуова Мейрамгүл Шәмшиденқызы; Қызылқоға ауданы “Бірлік-Миялы” ауылшаруашылығы өндірістік кооперативінің төрайымы, жеке кәсіпкер Ізімова Айжан Ізімқызы сөз сөйлейді.

Панельдік бөлімде Атырау облысы  Әлеуметтік бағдарламалар және жұмыспен қамтуды үйлестіру басқармасының бөлім жетекшісі Аманғалиева Гүлболат Екпінқызы; Атырау қаласы «Галион Агро» жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің директоры Нысанова Мүслима Абилхайрқызы; «Ауыл шаруашылығын қаржылай қолдау қоры» АҚ несиелеу департаментінің директоры Армат Байзақов сөз алады.

 

Баспасөз хатшысы: Абдалиева Меруерт

Тел.: 87784560999, 8-7172 - 999402

e-mail: meruert_1968@mail.ru

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив