Ақмола облысында өсімдік майын өндіретін жаңа зауыт салынуда

Ақмола облысында өсімдік майын өндіретін жаңа зауыт салынуда

 

ҚР Ауыл шаруашылығы министрі С. Омаров Ақмола облысына жұмыс сапары барысында «Бота-2015» ЖШС өсімдік майын өндіретін зауыт құрылысының барысымен танысты

Жобаның құны 4,2 млрд теңгені құрайды. Болашақ зауыттың өндірістік қуаттылығы тәулігіне 600 тонна өнім өндіреді. Кәсіпорында өңірдің 30 тұрғыны еңбек ететін болады.

Бұланды ауданының Макинск қаласындағы заманауи зауыт майлы дақылдарды қайта өңдеуді қамтамасыз етеді және дайын өнім өңделген түрде көрші елдер нарығына экспортталатын болады.

Осындай зауыттарды Шығыс Қазақстан облысында салу жоспарланып отыр, ал Алматы қаласында заманауи зауыт іске қосылды. Мұндай өндіріс орындарын салу шикізат экспортына қарағанда құны жоғары, тереңдетіле өңделген өнім экспортына өтуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар, Министр Макинск қаласында жергілікті элеватордың жаңа астық өнімін қабылдауға дайындығын тексерді. «Арна» астық қабылдау кәсіпорны» ЖШС аудандағы фермерлерге астықты қабылдау, кептіру, тазалау, сақтау және жөнелту бойынша қызмет көрсетеді. Кәсіпорынның жалпы ауданы – 14,7 га құрайды. Бұл жерде сыйымдылығы 22 мың тонналық астық қоймасы, ауданы 4,5 мың шаршы метр асфальтталған алаң, өнімділігі сағатына 110 тонна астық кептіргіш бар.

Қазіргі уақытта элеватор жаңа астықты қабылдауға толық дайын.

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив