Түркістан және Атырау облыстарында ШОБ қызметкерлері ең аз сақтандырылған

Түркістан және Атырау облыстарында ШОБ қызметкерлері ең аз сақтандырылған

 

Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеуден босатылған ШОБ жұмыс берушілеріне әр айдың 25-не дейін сақтандырылған адамдардың мәртебесін беру үшін қызметкерлердің тізімін өзектендіру қажеттілігі туралы үнемі еске салады.

«ШОБ секторында жұмыс істейтін 800 мыңнан астам адам МӘМС жарналары мен аударымдарын төлеуден 2020 жылдың 1 қазанына дейін босатылды. Олар жүйеде сақтандырылған болу үшін жұмыс берушілер қызметкерлердің тізімін беріп, ай сайын https://msb.fms.kz/login сілтемесі бойынша жаңартуы керек. Жұмыс беруші өз қызметкерінің сақтандырылуына, медициналық көмекті уақытында ала алуына олардың белсенділігі мен жауапкершілігіне байланысты екенін түсінуі қажет. Өкінішке орай, кейбір өңірлерде ШОБ субъектілерінің тартылу деңгейі төмен" екенін Қор атап өтті.

25 тамыздағы жағдай бойынша ШОБ жұмыс берушілерінің 41% ғана өз қызметкерлерінің деректерін өзектендірді. Яғни, жұмыс берушілердің уақтылы ақпарат беруіне байланысты Қазақстан бойынша ШОБ қызметкерлерінің жартысынан көбі сақтандырылмаған күйінде қалып отыр.

Талдау көрсеткендей, Алматы облысында (субъектілердің 73% деректері өзектендірілген), Батыс Қазақстан (67%) және Қостанай (58% жуық) өз қызметкерлерін медициналық сақтандыру туралы қамқорлық танытқан ең жауапты жұмыс берушілер.

Түркістан облысының жұмыс берушілері ең аз белсенділік танытуда - ШОБ субъектілерінің 84% жұмыскерлерінде сақтандырылу мәртебе жоқ, Атырау облысы - 67% астам, Нұр-Сұлтан қаласы - 64% астам және Алматы қаласы - 64% жуық.

Осы өңірлердің шағын және орта бизнес субъектілері Қорға қызметкерлер тізімін беру жөніндегі жұмысты жандандыруы қажет. Ол үшін https://msb.fms.kz/login  сілтемесі  бойынша өту керек және БСН арқылы тізімнен өз ұйымыңызды табу қажет. Заңды тұлғаның немесе ЖК ЭЦҚ көмегімен тіркелу және Қордың ақпараттық жүйесіне кіріп, Пайдаланушы келісіміне қол қою. Содан кейін МӘМС төлеуден босатылған қызметкерлердің ЖСН еңгізу (бір Excel файлымен немесе әр қызметкерге жеке). Одан әрі, деректерді ай айдың 25 дейін жаңартып отыру қажет.

Қызметкер Qoldau 24/7 мобильді қосымшасын қолдана отырып, өз деректерін дербес бере алады. Өтініште ұйымның деректерін көрсету және растайтын құжатты бекіту қажет (тағайындау туралы бұйрық немесе еңбек шарты).

 

 

 

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив