Көкпекті ауданына жаңа әкім тағайындалды

Көкпекті ауданына жаңа әкім тағайындалды

Бүгін Көкпекті ауданына жаңа әкім тағайындалдыҚазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің және аудандық мәслихаттың келісімі бойынша Шығыс Қазақстан облысы әкімінің өкімімен Көкпекті ауданының әкімі қызметіне Садвақасов Серікқазы Құсайынұлы тағайындалды.
Серікқазы Құсайынұлы Садвақасов 1961 жылы 26 мамырда Семей облысы Үржар ауданы, Үржар ауылында дүниеге келген. Ұлты - Қазақ. Білімі  жоғары. 1983 жылы Семей зоотехникалық-малдәрігерлік институтын ветеринария мамандығы бойынша тәмәмдаған.
«Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 10 жыл», «Тың игерудің 50 жылдығы» мерекелік медалдарымен марапатталған. 
Әскери міндетті, запастағы аға лейтенант. 
Серікқазы Құсайынұлы өзінің еңбек жолын 1984 жылы Үржар ауданының «Красные Горные Орлы» ұжымдық шаруашылығының Теспақан ветеринариялық учаскесінің меңгерушісі болып бастады.
1986 жылы Үржар ауданының «Красные Горные Орлы» ұжымдық шаруашылығының  бас мал дәрігері, 
1992 -1994 ж. Үржар ауданының ауыл шаруашылық басқармасының бас мал дәрігері, 
1994-1996 ж. Үржар ауданының «Жанай» атындағы қосалқы шаруашылықтың басшысы, Үржар ауданының «Красный дозор» ұжымдық шаруашылығы төрағасы, 
1996-1997 ж. Үржар ауданының «Жаңа - тілек» ЖШС-нің бастығы,
1997-1999 ж. Үржар аудандық ветеринариялық станциясының бас мал дәрігері, 
1999-2001 ж. Үржар аудандық аумақтық басқармасы бастығының м.а.
2001-2011 ж. Үржар аудандық аумақтық басқармасының бастығы, ҚР АШМ Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы, ҚР АШМ агроөнеркәсіптік кешеніндегі мемлекеттік инспекция комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы, 
2012- 2014 ж. ҚР АШМ ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің Үржар аудандық аумақтық инспекциясының бастығы,
2014-2019 ж. Үржар ауданы әкімінің орынбасары.
2019 жылдың 15 сәуірінен бастап Шығыс Қазақстан облысы Тарбағатай ауданының әкімі қызметін атқарды.

[xfvalue_img]

Жаңалықтарды бағалаңыз

  • Сіздің бағалауыңыз
Итоги:
Дауыс берген адамдар: 0

Пікір қалдыру

Ваш e-mail не будет опубликован. Поля обязательны для заполненеия - *

  • bowtiesmilelaughingblushsmileyrelaxedsmirk
    heart_eyeskissing_heartkissing_closed_eyesflushedrelievedsatisfiedgrin
    winkstuck_out_tongue_winking_eyestuck_out_tongue_closed_eyesgrinningkissingstuck_out_tonguesleeping
    worriedfrowninganguishedopen_mouthgrimacingconfusedhushed
    expressionlessunamusedsweat_smilesweatdisappointed_relievedwearypensive
    disappointedconfoundedfearfulcold_sweatperseverecrysob
    joyastonishedscreamtired_faceangryragetriumph
    sleepyyummasksunglassesdizzy_faceimpsmiling_imp
    neutral_faceno_mouthinnocent
Кликните на изображение чтобы обновить код, если он неразборчив